Адамға пышақ, мылтық оқтанба (кезенбе).
Қазақтың тыйым сөздері
- Адам өлімі туралы хабарлап (естіртіп емес) жүрген хабаршы табалдырықтан айтып қана кетеді,…
- Адамға қарай керілме.
- Адамға қарай тоңқайма.
- Адамға қарай түкірме.
- Адамға қарап қолыңды шошайтпа.
- Адамға қарсы үй сыпырма.
- Адамға, тамаққа қарай түшкірме.
- Адамды даттама, балағаттама, айналып жүрме.
- Адамды санама.
- Айыр, күрек, сыпырғыш, шот, кетпен, сияқты мүліктің басын жоғары қаратып қойма.
- Ақ төгілген жерді баспа.
- Аққуды атпа.