Бар болсаң, бергеніңді айтпа, ер болсаң, жеңгеніңді айтпа.
Қазақтың тыйым сөздері
- Байғызды ұстап алуға болмайды.
- Байлығыңмен мақтанба.
- Бақ келді деп таспа, жау келді деп саспа.
- Баланы оқтаумен ұруға болмайды.
- Баланы шошытпа.
- Баласы өлген әйел көп жылауға болмайды.
- Бас киімді айналдырып киме.
- Бас киімді баспа.
- Бас киімді босағаға ілме, теріс қаратып киме.
- Бас киімді теріс киме.
- Бас киіммен ойнама.
- Басқаны қор санама.