Ажардың күші аспен ғой!
1 мин оқу
Қожекең әйелімен сөйлесіп отырып.
– Қатын, қарным ашты, асың бар ма? - депті.
– Менің бетіме қарап отырып қалай қарның ашады? - дейді сұлу әйелі.
– Бұл сөзің де тура. Дегенмен ажардың күші аспен ғой, қатын, - депті Қожа.