Қожа бөтен бақта
1 мин оқу
Қожа біреудің бағында талға шығып өрік жей бастайды. Қожайын келіп қап:
—Талдың басында не істеп тұрсың?—дейді.
—Мен бұлбұлмын, талдың басында сайрап тұрмын,—дейді Қожа.
—Жарайды, сайрай ғой, тыңдап көрейін,—дейді қожайын.
Қожа ән салады. Қожайын еріксіз мырс етіп:
—Ау, бұлбұл осылай сайраушы ма еді?—дейді.
—Мен жастау бұлбұлмын, әлі тәжірибем жоқ, жақсырақ айта алмаймын,—депті сонда Қожекең.