Туа білген қазан өле де біледі
1 мин оқу
Бір күні Жұқа көршісінің үлкен қазанын қарыз алыпты. Бірнеше күннен кейін үлкен қазанының ішіне бір кішкене қазан салып көршісіне қайтарып беріпті. Көршісі:
—Жұқа, қазанымның ішіне бір кішкене қазан салып қойғаныңыз не?—деп сұрапты.
—Қазаныңыз біздің үйге келгенде туып еді, кішкене қазан соның баласы, мен қазаныңызды баласымен қосып қайтарып бердім,—депті Жұқа.
Көршісі бұған қуанып, қазанның екеуін де үйіне кіргізіп алыпты.
Бірнеше күннен кейін көршісінің қазанын тағы қарыз алыпты. Бірақ көпке дейін қазанды бермепті. Тағаты кеткен көршісі Жұқаның үйіне келіп қазанының жөнін сұрапты. Сонда Жұқа:
—Амал қанша, бақытқа қарсы қазаныңыз қайтыс болды. Тағдырдың жазуынан қашып құтылу қиын екен,—депті. Көршісі оталып қапаға түсіп:
—Қойыңызшы, қазан да өле ме екен,—депті.
—Қазанның туғанына сенген жерде өлетініне сенбейсіз бе?—депті Жұқа.