Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Ақшаның дауысын әкет

1 мин оқу

Бір күні екі адам дауласып Жұқаға келеді. Даугер Жұқаға:

—Қазы мырза, мен түсімде ақша санап жатқанымда мына адам сол ақшамның дауысын алып алды. Енді қайтарып бер десем, көнбей жатыр,—дейді.

Жұқа бір қауым ойланып отырып барып, айыпкерге:

—Сен барып бір дорба ақша алып кел,—дейді. Ол бір дорба ақша әкеліп Жұқаға ұстатады. Жұқа екеуін отырғызып қойып теңгені сыңғырлатып отырып санап шығады. Санап болып, даугерге:

—Ақшаның сыңғырын естідің бе? Сен сол дауысты алып кет,—дейді.

Сонан соң айыпкерге:

—Ал енді сен ақшаңды өзің әкет, бұл даудың кесімі осымен аяқталсын,—дейді. Сөйтіп, алғашқы даугер ләм-мим дей алмай өз жолына түседі.

Қожанасыр хикаялары

Барлығы: 266 хикая

Тағы оқыңыз