Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Сен сатасың ба, әлде мен сатайын ба?

1 мин оқу

Қожанасыр тұздалған көкөніс сатумен айналысады. Ол керекті заттың бәрін де, тіпті есек те сатып алады. Тұздалған көкөністерді апарған үйлерде де, халық лық толған көшелерде де Қожекең «тұздалған көкөністер!» деп айқайлай бергенше, есек те қабаттасып, өзінің әдетімен ақыра жөнеліп, бөгет жасаумен болады. Тағы да бір жерге барғанда, Қожекең «тұздалған көкөніс!» дей бергенше, есек тағы да ақыра бастайды.

Қожанасыр сонда шырт ашуланып:

—Әй, жолдас, тұздалған көкөністерді сен сатасың ба, әлде мен сатайын ба?—деген екен айқайлап.

Қожанасыр хикаялары

Барлығы: 266 хикая

Тағы оқыңыз