Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Жамбыл мен Құлмамбет (3-бөлім)

Жамбыл Жабайұлы · 1846–1945 · 161 жол

Көлденеңдеп кетейін.
Ертерек жүріп ентелеп,
Серектасқа жетейін.

Серектасты жерлеген,
Байлығы тасып, көлдеген,
Қилыбай ұлы Қожамбет
Көк берендей түтеген,
Көкірегіне Құдайым
Тоқымай нұрды бітеген.
Айға білеп ауызын,
Аспанға қолын сілтеген.
Көтерілсе талайым,
Түстік жерге тоқтамай,
Орынсыз мылтық оқтамай,
Өтеген, Қазбекке барайын.
Сол жерде жатып, өтендеп,
Атамыз қылған мекен деп,
Ыбырайымның алты ұлы,
Алтауы да арыстан.
Дұшпанын табанына жанышқан.
Қазақтың қамқор ерлері,
Қарулымен қағысқан,
Азулымен алысқан.
Уа, Құлмамбет, сөз тыңда,
Байларым деп салмақтап,
Не қыласың құр мақтап
Өңкей ақымақ есекті.
Елдің сиқын кетірген,
Кəсіп қып өтірік-өсекті.
Мен сөйлесем қаларсың
Ашылмас тұман ескекке.
Баймын деп сендей тасыман,

атымен аталған.

Кедеймін деп жасыман!
Берекелі елді айтам.
Ел тұтқасы ерді айтам,
Басымнан сөз асырман!

Құлмамбет:
Барайын Қасқарауда Бекет байға,
Тарпаң мен Тоқсейіттей байың қайда?
Сары алалы, көк жылқы өзінде бар
Қожамберді атасы Телдітайда.

Сұлтан жатыр Шоқпардың қайқысында,
Жазған-ау, өлер жерің өзің ойла.
Барайын Жолсейітте Шоранбайға,
Шоманақ пен Шəкейдей байың қайда?

Шапырашты басыңмен байлық айтып,
Сен кезікпей жатырсың құлар сайға.
Қалай-қалай сөйлейсің байғұс шолақ,
Сары майдан дəметкен кеудең қайда?

Өлеңді бір соғайын түйдегімен,
Əжібайлап тиейін бүйрегіңнен.
Не деп айтқалы отырсың бұл өлеңді, –
Сен тұрмақ үміт көрмен үйдегіңнен.

Шапырашты, мақтанба, к… белгілі,
Əркім-ақ тұрған шығар беп-белгілі.

Құладынды қайырып қуға салсақ,
Тышқан алған көруші ек бөктергіні.
Салғалы отырсың ба көптігіңді,

Тіпті керек қылмаймын септігіңді,
Айыл жіптеп тартып кел шеттігіңді,
Ерегіссең үземін көпшігіңді.

Жамбыл:
Сыпатайдың артында Қақаман бар,
Қақаманның артында тақамам бар.
Кіжіктің үлкен үйін көріп пе едің,
Тоқсан тұлып, алтын боз жасаған бар.

Екейден мен айтайын Байсалбайды,
Тең жорға төрт аяғым, тайпалмайды.
Аңырып əніме аңдар қалатұғын,
Өлеңді бүйтіп жыршы айта алмайтын.
Апиыншы Албанды сонша мақтап,
Құлмамбет неменеден сайтандайды!

Біздің елдің адамы өнері асқан,
Өнерімен талайдың көңлін басқан.
Жерді көрген, ел көрген, қала барған,
Бір кем емес байыңнан асып-тасқан.

Алматының шəһəрінде
«Көк күмбез» үйді салдырған.
Қарасаң көзді талдырған.
Арғы шетін айтайын:
Қызылжар мен Семейден.
Мына шетін айтайын:
Ташкент пенен Наманган,
Əндіжан мен Марғұлан.
Ақша деген немеңді
Қапқа салып алдырған.
Жігіттер бар жетілген,
Орыс, қазақ ұжым боп

Тізе қосып бекінген.
Бұларды айтсам мақтанып,
Жерім бар ма шалдырған.

Құлмамбет:
Ертеде өтіп кеткен Ыбырайым,
Шүу десе көк бестідей зымырайын.
Есқожаға тығылған жаман екен,
Бір сапарға еліңде жоқ па байың?

Айтасың, Шапырашты, ерлігіңді,
Шыр айналып соқтырдым белдігімді.
Секеңдеген серкенің ажалы деп,
Ақыры Саурық, Сұраншың жаудан өлген,
Көзіме де ілмеймін ендігіңді.
Сұраншың сарттан өлген Сайрамдағы
Ерліктен тапқан олжа, пайдаң-дағы.
Қамалға қан тартқан соң қойып кетіп,
Шайқалды Сарыбайдың саймандары.

Саймансыз Сайрамдағы сарттан өлген,
Шоқпарлы сарбаздан жəбір көрген.
Ерлікте батырлық пен нең бар жазған,
Быт-шыт қып денелерін жерге көмген.
Жамбасы Сарыбайдың сонда шыққан,
Дəлелді сөзім осы естіп ұққан,
Иман айтып, жаназа шығармастан,
Апарып екі бүктеп жерге тыққан.
Алдымнан айғақ болып шығады-ау деп,
Жүрмесең күрбелектеп қорқып сұқтан.

Жамбыл:
Жақсылық-жамандықты тексереді,
Кім жүйрік, кім шабаны, екшеледі.

Елімнің ерлігімен мақтанамын,
Сырт дұшпан көрген бізді сескенеді.

Жалғыз-ақ сен болмасаң, таз Құлмамбет,
Қай ақынға бұл Жамбыл дес береді.
Батыр Саурық, Сұраншы жаудан өлген.
Халық үшін шəйіт болып жанын берген.

Елді қорғап өлгеннің арманы не,
Қалың қазақ құрметтеп соңына ерген.
Қажылық қып кетті ме Мақсұт ағаң,
Ағайынмен ұрысып, даудан өлген?

Шапырашты, Дулаттың бəрі куə,
Шытыр жеген өгіздей аунап өлген.

Мақтаған байларыңның оңғаны жоқ,
Төңіректің төрт бұрышын жалмап өлген.

Түлен түртіп отыр ма, таз Құлмамбет,
Керіқұл мен Сақаудан аз Құлмамбет.
Алақандай басыңның бір қылы жоқ,
Боласың неменеге мəз, Құлмамбет.

Құлмамбет, мен білемін, түбің Уақ,
Арқадан кісі өлтіріп келдің шұбап.
Басыңды осы арада кесіп алсам,
Кісі жоқ қылмысыңнан алар ақтап.

Үстіңе жайдың оғын жайлатармын,
Екі қолыңды артыңа байлатармын.
Арамызда кісі өлтірген қашқын жүр деп,
Жұртыңа здавайттап айдатармын.

Құлмамбет, ақын Шаншар, Суандалдың,
Нашар едің, бұл күнде жуандандың.
Сенің де мақтанатын жайың да жоқ,
Қуарып үш бешпентпен қутаңдадың.

Құлмамбет, Суандалдың Албан менен,
Албандай бай болмадың алғанменен.
Байғұс-ау, қай жеріңмен мақтанасың,
Есің жоқ шашың жұртта қалғанменен.

Арқадан ауып келген ақтабансың,
Елді алдап «ақынмын» деп мақтанғансың.
Таз Албанның баласы Құлмамбет деп,
Дүйсенбай, Сəт, Мəңке жанын беріп ақтап алсын.

Жамбылдың жеңіп бəйге алған жері,
Жеңіліп Құлмамбеттің қалған жері.
Ішегі Құлмамбеттің үзіліп қап,
Осы екен бір азғантай арман жері.

Жамбыл Жабайұлы өлеңдері

Барлық 94 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері