Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Жанартау

Ілияс Жансүгіров · 1894–1938 · 28 жол

Зәулім-зәулім заңғар тау
Шығыс-батыс шегінде,
Лапылдақ жалын, іші қау
От ойнақшыл тегіңде.
Қарындай кепкен қампайып,
Борсып,
бықсып, булыққан.
Ашылып аузы аңқайып,
Түтектен түтін, бу шыққан.
Ұшқыннан
от бұлқынып,
Күрс-күрс, быж-быж оқ...
Жалаңдап
жалын жұлқынып,
Айнала түскен қызыл шоқ.
Лаба жалын жандырды
Тас, қоқыр, тікен, сіріні.
Тұншыққан жылан түтінге,
Көзінен ақты іріңі.
Қызыл жалын тазалап,
Куарған қорданы өртеді.
Жас балдырған
жаңалап,
Жайқала шықты өртеңі.
Жанардың жанған жалыны,

Жердің жүзін жарық етер.
Жарылқар жалшы-жарлыны,
Жаңа жұрт жасар, қарық етер.

Ілияс Жансүгіров өлеңдері

Барлық 55 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері