Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Желді қарағай

Ілияс Жансүгіров · 1894–1938 · 30 жол

Жайлауым желді қарағай,
Жайлауында елі жарасқан.
Жанымда жайлау жағалай,
Жанса, қалай
жақ ашпан.
Қарағайың сыңысып,
Қалың малың қаптаған.
Қара бұлт
бураң бұлықсып,
Қара інген тауды қапсаған.
Туырлықтай тұманда
Тұмшаланды тұғыл
сай,
Тобылғы торы құнандай,
Томсарды қасы қапсағай.
Шоқшиған шұбар
шоқының
Шоғырланса ұшпа ұшынан.
Шолақгың лоңқа шоқтығын
Шолады көкте күшіген.
Ол күнде біз бала едік,
Оздыра құнан шауып ек.
Орғыта ойнақ сап
едік,
Ойнай қозы бағып ек.
Жалбағай тұмақ,
жауқияқ

Жауырынымызға жабысқан,
Жая шыққан қозы-лақ
Жамырауға жарысқан.

Ілияс Жансүгіров өлеңдері

Барлық 55 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері