Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Екі бұғы

Мысал әңгімелер · 1 мин оқу

Бір күні тауда жайылып жүрген екі бұғы шөпке таласып қалыпты.

—Мен жеймін мұны, мен бұрын көрдім,—депті бірі.

—Мен жеймін, мен бұрын келгенмін бұл жерге,—депті екін шісі. Екеуі жанжалдасып, бірін-бірі сүзе бастапты. Кейін шегіне түсіп сартылдата кеп мүйіздесе сүзісіпті. Аздан соң тіпті қы зық болыпты. Бұғының мүйізін, білесіңдер, талдың бұтағы сияқты болады. Ілініскенше әбден сүзіскен көрінеді. Бір кезде мүйіздері ілінісіп қалған бұғылар бірінен-бірі ажырай алмай әрлі-берлі тартысыпты.

Мұны өтіп бара жатқан аңшылар көріп қалыпты да қуанып, дереу келіп бұғыларды арбасына салып үйлеріне қарай жөнеле беріпті.

Мысал әңгімелер

Барлығы: 47 мысал

Тағы оқыңыз