Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қырғи мен бөктергі

Мысал әңгімелер · 1 мин оқу

Қырғи мен бөктергі ойда жоқ жерде кездесе кетеді. Екі дос өткен-кеткенді әңгімелеп, кездесу құрметіне кеш өткізуді ұй ІІІ. Мысал әңгімелер

ғарады. Кештің керегіне әзірлеу үшін жиырма торғай ұстап әкелуге келіседі. Жиырма торғайдың жартысын ұстауды қырғи міндетіне алады, қалған он торғай бөктергінің үлесіне тиеді. Қырғи көп кешікпей он торғайды ұстап, төбе басында бөк тергіні күтіп отырады. Бөктергінің келетін мезгілі өтіп, кеші геді. Ал бұлар кешті күн батпай бастауға уәде еткен. Ақыры, шыдамы таусылған қырғи дерексіз кеткен бөктергіні іздеуге шығады. Қалың тоғай бойымен ұшып келе жатып, қырғи алыстан бөктергіні байқайды. Ол бір торғайды қуып, ылдиға ығысты рып барады екен. Сол сәтте қырғи да бөктергінің соңынан ұшып жетеді. Оның қауырсындары терге малшынып, аяғын торғай ды бүруге ілгері соза түсіпті. Бөктергінің шаршау кейпін көр ген қырғи тоғайда торғай қалдырмай қырған екен деп ойлайды. Сөйтіп, ол бөктергіден асығыс:

—Ау, Бөке, қанша торғай ұстадыңыз?—деп сұрайды. Сонда бөктергі алдында ұшып бара жатқан торғайды нұсқап:

—Осыны алсам, тоғыз торғай қалады,—депті.

Мысал әңгімелер

Барлығы: 47 мысал

Тағы оқыңыз