Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Болмашы кемшілік

1 мин оқу

Қызға сөйлесіп жүрген жігіт қыздың үйіне барып, некелену талабын қойыпты. Қыздың әкесі онан:

—Не қызмет істейсің?—деп сұрапты.

Жігіт:

—Мен шалқыған баймын, қалада ірі зауыттарым мен сәулетті қора-жайларым бар. Жаңа тұрпатты машиналарым да бар, теңіз жағасында ауласы гүл-бақшамен көмкерілген бір саяжайым бар,—деп судыратып келе жатқанда, қыздың әкесі сөзін бөліп:

—Жарайды, бұларды енді доғара тұр, қандай кемшілігіңіз бар?—деп сұрапты.

Жігіт күмілжіп:

—Болмашы ғана кемшілігім бар... кейде өтірік айтып қоямын,—деген екен.

Күлдіргі әңгімелер

Барлығы: 215 әңгіме

Тағы оқыңыз