Сорпаның сорпасы
1 мин оқу
Екі құда жиі қатынасып жүреді. Біреуі сараңдау екен. Құдасы оның үйіне таныстарын, құда-жекжаттарын ертіп келе береді. Сараң әбден ығыр болады.
Бір жолы сараң қасына құда-жекжаттарын ертіп келген құдасына тамақ бермей, алдарына сорпа әкеліп қояды.
—Бұл не?
—Бұл құданың құдасына беретін сорпаның сорпасы,—деп жауап береді сараң.