Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Бәйбішесінің жасы

1 мин оқу

Елуді еңсерген Шима бәйбіше өзгелердің өзін жас деуін ұнатады екен. Бір реткі қонақасында ол қызықшы Әшім Мырзадан:

—Әшім мырза, сізше мен қанша жастамын?—деп сұрапты. Әшім мырза Шима бәйбішенің тұрқына көз жіберіп:

—Шашыңызға қарасам, он алты жас, тісіңізге қарасам, он сегіз жас, бой тұрқыңызға қарасам, жиырма жаста сияқты көрінесіз,—депті. Мұны естіген Шима бәйбіше қуанышы қойнына симай дауысын көтере:

—Айналайын, Әшім мырза, сіз не қылған білгір едіңіз,— депті. Осы сәт Әшім мырза тағы:

—Бәйбіше, мен сөзімді айтып болайын... бері қараңыз, сіздің жас мөлшеріңіз жиырма қосу он сегіз, қосу он алты болғанда елу төрт жас болады!—депті.

Күлдіргі әңгімелер

Барлығы: 215 әңгіме

Тағы оқыңыз