Ақ шекердей қарбыз
1 мин оқу
Қарбыз сатушы:
—Сапалы қарбыз, ақ шекердей қарбыз!—деп азандатып тұрыпты.
Біреу кеп бір қарбызды алып тұрып:
—Егер, ақ шекердей болмаса, қайтарамын ғой,—депті. Сонда сатушы:
—Әрине,—депті.
Сонымен, әлгі адам алған қарбызын бөліп жіберіп қараса, еті ет, ұрығы да аппақ екен. Аларман ашуланып:
—Ей, көр мынаны, мүлде аппақ екен, шикі екен,—дейді.
Сатушы шықылдай күліп:
—Мен қарбыз ақ шекер секілді деп айттым ғой, ақ шекер ақ болмай ма?—деген екен.