Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Ыспадияр жігіт

1 мин оқу

Байтілес әр іске епті, тіл алғыш-ақ, өте елгезек жігіт. Бар айыбы—парықсыздау, асығып-аптығып, көбінесе шалағайлық жасайды.

Бірде ауылдағы үлкен үйлердің біріне сыпайы меймандар келе қалды. Жас әйелдер үйде жоқ еді, меймандарға ас даярлау Байтілеске тапсырылды.

Елгезек жігіт өзіне жүктелген міндетті орындауға шұғыл кірісті. Самаурын қайнады, дастархан төселіп, оның үстіне түрлі тағамдар қойылды. Асығып-аптығып жүріп, қонақтың алдына кесе орнына аққұманды апарып қойды. Одан кейін, аққұманға еселеп су құю үшін самаурынның шүмегін бұрап, оны тоқтата алмай, самаурынды тысқа ала жөнелді Байтекең.

Күлдіргі әңгімелер

Барлығы: 215 әңгіме

Тағы оқыңыз