Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Шам ұстаған соқыр

1 мин оқу

Үлкен күре жолда түн ішінде бір соқыр адам қолына шам ұстап келе жатады. Оның бір қолында шам, бір қолында шелегі бар екен. Мұны көрген біреу айғайлап:

—Сен сияқты соқырға шамның керегі не?—депті. Соқыр оған:

—Шамды өзім үшін емес, сендер үшін ұстап келемін, қараңғы түнде көрмей қалып шелегімді қиратып жүрмеңдер,—деп жауап беріпті.

Күлдіргі әңгімелер

Барлығы: 215 әңгіме

Тағы оқыңыз