Атағы бекер шықпаған екен
1 мин оқу
Қарттар қыстағына келген жолаушы көшеде жылап отырған бір қарияны көреді. Жолаушы оның алдына барып:
—Атай, қанша жасқа келдіңіз?—деп сұрайды.
—Жүз жиырма жасқа келдім.
—Неге жылап отырсыз?
—Әкем ұрды?
Жолаушы елең ете түсіп:
—Сіз осынша жасқа келгеніңізде әкеңіз әлі тірі ме еді?
—Тірі еді.
—Сонда әкеңіз не қылмадың деп ұрды?
—Әкемнің әкесімен ерегесіп қалғаным үшін.