Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Бөген батыр (1-бөлім)

Бөген · І. Нұрмағамбетов нұсқасы (ІІ үлгі) · 2 мин оқу

Күндерде күн өткенде,
Күн мәріне жеткенде
Ақборық буаз болады,
Туарманға жақындап.

Бұл ноғайлының ханының қыздары—Қанікей, Тінікей: «Бөген кәпірден қыз алды» деп қастық ойлап, Ақборыққа күндес болады. Егерде бала тапса, оған залал келтірмекші болып мыстан кемпірге сөйлесіп қояды.

Бөген батырдың әйеліне «құтты болсын айтамыз» деп Қырымның қырық батыры келеді. Әлденеше күн қонақ болғаннан кейін, қайтуларына таянғанда, қырық батыр былай дейді:—Бөген батыр, Еділ-Жайық бойында құс салып, ит жүгіртелік, бізбен бірге жүр,—дейді. Батырлардың көңілдерін қимай, Бөген еріп кетеді.

Бұл батырларды сұрасаң:
Сүйініштің ұлы Тоған бар,
Ал оңайын десең соған бар
Қырымнан шыққан Тарғын бар,
Жау келсе жалғыз өзі бар.
Ал сол күндерде қарасаң,
Басылмай жүрген қарқын бар.
Бұл батырдың ішінде
Кімдер бар да, кімдер жоқ.
Жаңбыршының ұлы Телағыс,
Боқсақтың бойы боз қамыс.
Мұсадан туған отыз ұл,

30-310

Енді Смайыл-Тобаяқ
Ойлап тұрсаң о да бар.
Орақтан қалған қос жетім—
Қарасай, Қази бұ да бар.
Байбөрі бай баласы
Алпамыс батыр тағы бар.
Алпамыспенен дос болған
Нәсілі кәпір демесең,
Қаражан батыр бұ да бар.
Осы сөзге құлақ сал,
Құлағың сал да есіңе ал,
Есіңе алсаң, несі бар.
Бұл кісінің ішінде
Шынтемір ұлы Әділхан
Астына мінген сары ала ат,
Қолтығында қос қанат,
Еңіреп жүрген ер еді.
Айыбы жалғыз демесең,
Сымбаты сұлу төре еді,
Әділхан төре бұ да бар.

Бұл уақытта батырлар жүрмекші болып Бөгенді ертіп қырық батыр Еділ-Жайыққа келеді. Қырық бір батырдың иті қаңқылдап, құстары саңқылдап, мәз. Бөген кетерінде еліне:— Әйелім бала тапса, сүйінші сұрап Ақ-жайыққа келерсің,—деп тапсырады. Батыр мәз-майрам болып жүре береді. Бөген кеткен соң, көп кешікпей Ақборық толғатып бір ұл, бір қыз табады. Ұлының атын Тұрғын, қызының атын Ақбілек қояды. Мұны Қанікей, Тінікей естіп, Ақборыққа ақ аюдың мұрын терісін искетіп, талдырдып тастап, екі баланың орнына екі иттің күшігін салып, мыстан кемпірді шақырып алып:— Екі баланың екеуін де жоқ ет,—деп, екі қоржын ділдә береді. Бұл сөзді кемпір естіген соң, қолына темір таяқ алып, аяғына темір етік киіп, екі баланы арқалап жүріп кете береді. Темір таяқтан тебендей, темір етіктен теңгедей қалғанда, екі баланы бетпақтың шөліндегі, жолаушының жолындағы сексен күндік шөлде жатқан қырық құлаш шыңрауға салып, кемпір кейін қайтты.

Бұл уақытта қатының күшік тапты деп айта алмай, қалай естіртудің амалын таба алмай, ноғайлы руы сеңдей соғылады. Әйтсе де көп уақыт өтпей-ақ бір адам Бөген батырға хабар салуға барады. Бұл уақытта батыр «елден хабар болмады» деп, асып-сасып, құс салып, ит жүгіртуге көңлінің қосы келмей жүрген кез еді. Сол кезде ауылдан хабарға барған кісіге жолықты. Бөген батыр амандасып болуға шыдамай, «аман ба?» деп сұрады.

Тағы оқыңыз