Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Бөген батыр (4-бөлім)

Бөген · І. Нұрмағамбетов нұсқасы (ІІ үлгі) · 2 мин оқу

Қанікей мен Тінікей кемпірге айтады:—Біз бір хабар естідік, бір-екі бала «шыңрау еді анамыз» деп зарлап жүр,— дейді. Олай болса, сол баланы қайда тастадың? Болса жоқ етіңіз, алты қоржын ділдә береміз,—дейді. Бұл хабарды естіген кемпір қуанып екі етегін түрініп, емрең қағып жүре береді. Бірнеше күн жүргеннен кейін өзінің тастаған шыңрауына жақындап келіп байқаса, бұрыңғыдай емес, үй және жайылып жүрген малды көреді. Бір сұмдықтың болғанын біліп, кемпір қайыршы болып, тігулі тұрған үйге келеді. Кіріп келсе, ай десе аузы бар, күн десе көзі бар жас қыз бала отыр екен, соны көреді. Қыз кемпірді көріп, сәлем береді. Сәлем беріп болған соң:—Нағып, қайдан жүрген адамсыз?—деп қыз сұрайды. Кемпір:—Үй жоқ, күй жоқ, балам жоқ, бай жоқ, елімнен адасып жүрмін, қайыршы кемпір едім,—дейді. Қайыршы едім деген соң, үйінде тұрған құланның бір санын беріп тойғызады, кетейін деп жатқанда кемпір айтты:—Ағаңнан да қайыр сұраймын, келетін жолы қайсы?—дейді. Қыз:—Келетін жолы күншығыс, кететін жолы күнбатыс,—деп, ағасының жолын көрсетті. Кемпір баланың келетін жолына қарай жүріп келе жатқанда баланы көрді де, жолдың оң езуіне қисайып құлай кетті. Тұрғын батыр кемпірмен ісі болмай, он құланы қолында, он құланы арқасында өте шықты. Үйге келгесін қарындасы айтты:—Алдыңыздан қайыр сұраған кемпір жолықты ма, жолықса не бердіңіз?— деді.—Ай, қарағым, неге жібердің, шеше етіп алатын едік,—деп, кемпірдің жатқан жеріне қарай жүгіріп барып, кемпірді су бүркіп тірілтіп алып, үйіне алып келді. Мыстан кемпір әбден үйреніп алған соң, қызға айтты:—Мына қыпшақтың тауында Тәпелтес деген қалмақ патшасының қызы бар, соны әкелсін, ағаңа айт, маған келін керек, саған жеңге керек,—дейді. Бұл сөзді Ақбілек қабыл етіп, ағасына әлденеше рет жылап, Тәпелтесті іздетіп жібереді. Ағасы жаяу іздеп кетеді. Қара жолмен келе жатса, жол үш айрылады. Әр қайсысында жолдың жазуы бар екен:

Бірінші Елек ағымы. Екінші Аягөз. Үшінші Тәпелтес.

Үшінші жолға түсіп жүріп келе жатқанда әбден шаршап, әлі құрып, жылауға шамасы келмей келе жатқанда, алдынан шыққан түтінді көреді. Жақындап келіп қараса, ақ отау тігулі тұр екен. Сәлем беріп кіріп келсе, бір кемпір отыр. Шөлдеген бала келе сала кемпірдің екі емшегіне ауыз салды, әбден сусынын қандырып еміп болған соң, баладан кемпір сұрады:—Нағып жүрген адамсың?—деп. Бала:—Менің атым—Тұрғын батыр, ноғайлы деген елден келемін, Тәпелтес деген қалмақ қызын іздеп алмаққа келемін,—дейді.

Кемпір айтады:—Менің емшегім иімегеніне қырық жыл болып еді, саған иіді Тәпелтес менің қызым еді,—деп, сол жерде кемпір отыз күн ойын, қырық күн тойын істеп, Тұрғын батырға қызын берді. Үш күн жолда жүрген соң, Тәпелтес Тұрғынға айтты:—Сен шешеме барып сәлем беріп кет. Бір-екі рет бұйымым бар деп айт та, үшінші ретте қолыңыздағы жай тасыңызды бер,—деп сұра деді.

Тағы оқыңыз