Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Бөген батыр (6-бөлім)

Бөген · І. Нұрмағамбетов нұсқасы (ІІ үлгі) · 2 мин оқу

Содан кейін қайтуға ойланып, құс болса да амандасып болып, Тұрғын батыр атына мініп, еліне қайтпақ болды. Жолда неше күн жүріп, аман-есен шыңраудан Ақбілек қарындасына, Тәпелтес әйеліне келеді.

Ат дүбірі естіліп,
Жүгіре үйден шығады.
Қарындасы Ақбілек
Өкпесін алып қолына
Алдынан шықты батырдың
Оймақтай аузы бүріліп.
Тоғайға шыққан шешектей
Екі беті қызарып,
Аш белінен бұралып,
«Келдің бе?» деп ағасына.
—Аман болсаң, ағажан,
Тілекті Құдай бергені,
Аман-есен көргенім.
Жалғыз ағам шамшырақ,
Аман-есен көрдім,—деп,
Өлгенде көрген ағасын
Таудай болып ісініп,
Сылқылдаған Ақбілек
Ағасының атын жетелеп,
Үйге әкеп түсірді.

Қайдан, нағып жүргенсің?—деп сұрайды.

Тұрғын:—Ай, баба, басыңды көтер, біз де ноғайлының баласымыз,—деп жауап береді. Бөген:—Қай ноғайлы дедің? Тұрғын:—Үлкен атамыз ноғайлының атақты—Жанай қарты екен, соның баласы—Бөген, шешеміз—Ақборық,—деп жауап берді. Қазір шешеміз қайда, соны тауып бер?!—деді.

Бөген:—Не деп отырсың?—деп басын көтеріп алды да, ай, қарағым, қайдан жүрсің, қандай адамсын, жөніңді дұрыстап айт?—деді. Тұрғын:—Несін айтайын, мына суды алып, осы тасқа қойып қарап біліңіз, мені көп сөйлетпе,—дейді де, жай тасты Бөгенге ұстатып, жайына отыра береді. Есік алдындағы қырық жендет: «Батырдың үйіне өмірде ұрықсатсыз ат байланбаған, өз бетімен ат байлаған кім?» деп аттарын ойнатып жетіп келеді. Оған Тұрғын ешнәрсе деп қысылмай, қасқайып отыра береді. Әкесі тасқа қарап далаға жүгіре шығып, қырық жендетке:—Дариядағы аралда жатқан Ақборықты әкел!—дейді. Батыр айтқан соң амал жоқ, бұрынғыдай заман жоқ, қырық жендет шабуылдап бұрынғы белгілі дариядан артық туған сұлуды, сүйіп алған батырдың Ақборық жарын ұзамай-ақ алып келеді. Екі күшік ит болып өскен екен, оларды да қоса әкелді.

Ақборық келгеннен кейін, мына жағында тұрған қарындасы Ақбілек, әйелі Тәпелтес үлкен көш керуенмен олар да келеді. Бөген баласы, әйелі келгеннен көңлі тасып, бүкіл ноғайлы еліңдегі халықты шақырып, сансыз мал сойып, отыз үй тігіп, отыз күн ойын, қырық күн тойын қылып, алтын қабақты аттырып, ноғайлы елін қызыққа баттырады. Мыстан кемпірді халық алдында дарға асып өлтіреді. Оған қосылып, дұшпандық қылған ханның қызы Қанікей мен Тінікейдің жұрт алдында бетіне күйе жағылып, ел алдында айыптары әшкереленеді. Бұның үстіне, өзінің жолдастары—қырымның атақты қырық батырын қонақ етіп, үш айдың жүзі болғанда тойының аяғы тарқап бітеді. Бөген баласы табылғаннан кейін, көңілі тасып, әлденеше жыл қайғылы жүргенін ұмытып, Тұрғынға үй тігіп, еншісін беріп, дүниеден армансыз болып өтеді.

Тағы оқыңыз