Шымбике
Ойын өлеңдері · 1 мин оқу
– Шым-шым, шымбике,
Шымылдығыңды құр, бике,
Ақсақ кемпір тоңқылдақ,
Бұрама темір солқылдақ, мына судан қайтіп өтейін?
– Ақсақ кемпір тоңқылдайды.
Бұрама темір солқылдайды.
Көйлегіңді салып өт!
Түсініктеме: Топ басқарушы ақсақ кемпірге (жалмауызға) қарап сұрайды, ақсақ кемпір жауап береді.