Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Әйкерек

Ойын өлеңдері · 1 мин оқу

– Әйкерек-ау, әйкерек,
Айдың жүзі дөңгелек.
Күш-қайраты тым ерек,
Шепті бұзар ер керек!

– Әйкерек-ау, әйкерек,
Айдың жүзі дөңгелек.
Күш-қайраты тым ерек,
Мұнда бізден кім керек?!

– Әйкерек-ау, әйкерек,
Айдың жүзі дөңгелек.
Күш-қайраты тым ерек,
Сізден бізге пәлен керек!

– Әйкерек-ау, әйкерек,
Айдың жүзі дөңгелек.
Өз тобымнан тез шықтым,
Шеп бұзуға мен шықтым!

Түсініктеме: Екі топ қол ұстасып қарама-қарсы тұрып, кезек-кезек әндетеді; аты аталған адам қарсы топтың шебін жарып өтуге жүгіреді.

Ойын өлеңдері

Барлығы: 17 өлең

Тағы оқыңыз