Ақ серек, көк серек
Ойын өлеңдері · 1 мин оқу
Тем-тем, тем еткен,
Тебінгіден тер өткен,
Қанжығадан қан өткен,
Қарағай басын қайырған,
Жаудан жылқы айырған.
Ай керек-ау, ай керек,
Айдың басы дөңгелек.
Ақ серек пен көк серек,
Шауып алдым бәйтерек,
Сонау тұрған баланың
Өз басы керек.