Әкеке, шешеке
Ойын өлеңдері · 1 мин оқу
– Әкеке, шешеке,
Әкеке, шешеке!
– Әкем етті еңбек,
Бақыт-байлық бермек.
– Шешемде – ақыл мол кені,
Үлгілі адам бол деді.
– Әкеке, шешеке,
Әкеке, шешеке!
– Әкем берді базарлық,
Мен істедім тазалық.
– Шешемде – ақыл мол кені,
Әдепті бала бол деді.
Түсініктеме: Балалар екі топқа бөлініп, бір-бірінің етегінен ұстап айналып «Әкеке, шешеке» деп айтады да, тоқтаған кезде бір топ тақпақтап, екінші топ жауап қайырады; жауап таба алмаған топ жеңіледі.