Бір қазан сүт
Ойын өлеңдері · 1 мин оқу
Көбелек келіп көлп етіп,
Көбігін ішіп ол кетті.
Жапалақ келіп жалп етіп,
Жарымын ішіп ол кетті.
Қарға келіп қарқ етіп,
Қалғанын ішіп ол кетті.
Сауысқан келіп саңқ етіп,
Сарқынын ішіп ол кетті.
Қырғауыл келіп қиқу сап,
Қазан түбі қаспағын
Қырнап ішіп ол кетті...
Түсініктеме: «Бір қазан сүт» ойынында жүргізуші «бір қазан сүттің» қайда кеткенін балаларға термелеп айтады.