Ақ сандық, көк сандық
Ойын өлеңдері · 1 мин оқу
Ақ сандық,
Көк сандық,
Қазынасы көп сандық.
Ақ сандықта асыл бар,
Көк сандықта айыл бар.
Сен болғанда ақ сандық,
Мен болғанда көк сандық.
Екеуінде біздерге
Керек-керек көп жабдық!
Түсініктеме: Екі бала арқаларын тигізіп, білектерін іліп тұрып, бір-бірін кезекпен көтеріп осы тақпақты айтады.