Ақсүйек (Ақ сүйегім, Айдан табыл)
Ойын өлеңдері · 1 мин оқу
Ақ сүйегім, Айдан табыл,
Асқар-асқар таудан табыл,
Ақ шілікті сайдан табыл,
Ақ сүт құйған шайдан табыл,
Ақ қозылы қойдан табыл,
Алқа топты тойдан табыл,
Арманы асқаққа табыл,
Ақ жүзі арлыға табыл,
Ай асты алыстан табыл,
Алақайлы жарыстан табыл!
Түсініктеме: Ақсүйек ойынында ойын бастаушы ақ сүйекті лақтырар алдында өлеңдетіп айтады.