Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Жиреншенің әйелі (Тоғызыншы әңгімесі) (2-бөлім)

Тарихи аңыздар · 3 мин оқу

—Қонақ болсаңыз, қош аула, қоныңыз, түсіңіз,—депті. Сонан Жиреншекең жолдастарыменен түсіп, аттарын байлап қосқа кіріпті дейді. Қосқа кірсе, кемпір-шалдан басқа ешкім жоқ. Біразырақ отырғасын күн тәуір ашылған кезде манағы қыз да отынын арқалап келіпті дейді. Отыны құрғақ, несін сұрайсың. Отынын жағып, қонақтарға шайын құйып, асын беріп, оңыпты да қалыпты дейді. Әлгі екі қыз түніменен отыны су жаға алмай әлекшілік болып, оңдап ас пісіріп іше алмай жатыпты дейді. Сонан Жиренше жолдастарыменен о күні қонып, ертегісін ертеменен шай ішіп, енді аттанар кезінде Жиреншекең қызға қарап мұртын сипады дейді. Жиренше мұртын сипағанда, қыз тұрып қасын сипады дейді. Жиренше қасын сипады дейді. Сонда қыз тұрып шашын сипады дейді. Қыз шашын сипағасын Жиренше де шашын сипап еді, қыз тұрып жерде жаюлы жатқан тулақтың түгін сипады дейді. Сонан ешбір сөз жоқ, Жиренше жолдастарыменен аттанып жолға шықты дейді. Жолға шыққасын, неше бір күндер жүріп аман-есен ауылдарына барғасын Жиреншекең ханға амандасуға барды дейді. Сонан хан аман-түгел сұрасқасын, хан айтты дейді:

—Қане, Жиреншем, өзіңе ұнаған қыз таптың ба?—депті дейді. Жиренше айтыпты:

—Тақсыр, таптым, тапқанменен дүниеде мал жететін емес, тулақтың түгі есебіне мал сұрайды,—депті. Сонан хан айтыпты:

—Бар, Жиреншем, төрт түлік малдан қанша айдасаң да айдап барып, со қызды неғылсаң да алып кел,—депті.

Сонан Жиреншекең қасына неше бір қосшы алып, төрт түлік малдан жер-дүниеге сидырмай айдап, әлгі қыздың ауылына қарап шығыпты дейді. Сонан неше бір күн жүріп барып, қыз тұрған ауылдың үстіменен малды айдап, көп мал қойсын ба, жарықтық, қыздың әкесі тұрған қосқа сүйкеніп, әрқайсысы маза бермей тақ қосты қирататын болғасын, қыздың әкесі:

—Ой, қан жауғыр, бұ кімнің малы, өз қосымызды қирататын болды ғой,—деп, қолына таяғын алып ашуланып, малды қайырайын деп сыртқа шықты дейді. Сонан қыз тұрып айтты дейді:

—Ата, о малды қайырма, бұ мал сізге келе жатқан мал болар. Мен түнеукүні келген қонақпенен сөйлесіп, «атам мені тулақтың түгі есебіне малға береді» деп айттым. Енді сіз тулақтың түгін есептеп, малыңызды алыңыз!—дейді. Сонан қыздың әкесі шал айтыпты:

—Өй, мен оны қайдан есептеп санап тұрайын, осы малдың бәрін берсе, осы мал маған жетеді, артығын сұрамаймын,—депті. Сөйдесіп тұрғанда ұзақтамай мына жағынан қосшыларменен малдың артынан Жиреншекең де келіпті дейді.

Қазақтың қарттарының айтуы, Жиреншенің қызға қарап, мұртын сипауы—«сені әкең осы мұртымның түгі есебі малға бере ме дегені» дейді. Енді қыздың қасын сипауы— «мұртыңның түгіне түгіл үстіне қасыңның түгін қоссаң да бермес» дегені екен. Енді Жиреншенің қасын сипауы— «оны қоссам, берер» дегені екен және қыз шашын сипап еді ғой. Ол—«оның үстіне шашыңның түгі есебі мал қоссаң да бермес дегені» екен. Жиреншенің шашын сипауы—«оны қоссам, берер» дегені екен. Сонан қыздың «жерде жаюлы жатқан тулақтың түгі есебіне малға береді» деген сөзі екен. Бұ сөзді жолдастары түсінбей, тек екеуі түсінісіпті дейді.

Келгесін шалдың өзінің үйіне түсіп, әлгі малдың бәрін беріп, құдаласып, ертеңіне қыздың некесін қидырып әкеліп, манағы өзінің жыртық қосына қойып, ханға амандаса барды дейді. Хан:

—А, Жиреншем, аман келдің бе, қалай, келінді әкелдің бе, келін тәуір жақсы ма?—депті дейді. Жиреншекең айтыпты:

—Тәуір, жаман емес,—дейді. Сонан хан: «Жиреншенің әйелі қандай кісі екен, барып көріп келіңіз», деп қадірлі адамдардан үш-төрт адам жіберіпті дейді. Сонан ханның жіберген адамдары келіп Жиреншенің үйіне түсіп, қонақ болып, Жиреншенің әйелін көріпті дейді. Көрсе, несін сұрайсың, ақ жібектей есілген, мойны құрықтай, ақ қолқа бір жас қыз екен дейді ханның жіберген адамдары. Мұны көріп, сірә, бек тамаша қалыпты дейді, сонан бұл адамдар қайтып ханға келіп, Жиреншенің әйелінің бойы-сынын, болмаса жүріс-тұрысын, ақылын сөйлеп, айтып бітіргісіз мақтап:

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз