Төртінші әңгімесі
Тарихи аңыздар · 1 мин оқу
Бір күні хан Жиреншені шақырып:
—Жердің түбі қайда, соны біліп кел!—депті. Сонан Жиреншекең:
—Бас тақсыр!—деп атына мініп, жердің түбі сен қайдасың деп жердің түбін іздеуге кетіпті дейді. Сонан біраз күн жүріп, ханның қасына қайтып келіпті дейді. Хан айтыпты дейді:
—А, Жиреншем, аман-сау келдің бе, жердің түбі қайда барып тоқтайды екен, білдің бе?—депті. Сонан Жиренше айтыпты:
—Хан тақсыр, жердің түбі алыс емес, жақын екен. Жеті тау асқасын балықты көлге барып тоқтайды екен,—депті. Қазақтың қарттары айтады Жиреншенің жеті тау дегені— жеті қабат жер, су үстінде тұрады екен, Жиренше соны айтыпты дейді.