Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Жиреншенің әйелі (Тоғызыншы әңгімесі) (1-бөлім)

Тарихи аңыздар · 3 мин оқу

Дүниеден қайтқасын Жиреншені қарап баптап күтіп тұрушы болмағасын, Жиреншені хан өз сарайына келіп тұруға әмір етіпті дейді. Сонан Жиреншекең ханның сарайына келіп тұрған, соңғы жерде өз үйін сағынғаны ғой: «хан ұлықсат етсе, өз үйіме қайтар едім» деп әр уақыт күңірене береді екен дейді. Сонан хан Жиреншенің үйіне қайтқысы келіп, күңірене бергенін естіп: «болмас, енді Жиреншені үйіне жіберіңіз, барсын!» депті. Өз үйіне кеткесін, хан: «Жиренше үйіне барғасын не айтар екен, соны тыңдап келе ғой» деп Жиреншенің артынан бір кісісін жіберіпті дейді. Бұ кісі келсе, Жиреншекең сол киім-көншегін салып ай шынық манағы өзінің жыртық-жыртық қосына кіріп, ұйықтауға жатыр екен дейді. Сонда және айтады дейді: «Кең сарайым бөз үйім, қайран менің өз үйім!» дейді және соны айтып созылады дейді, созылғанда аяғы тізіне дейін қостың сыртына шығады дейді. Сонан бұл тыңдаушы адам қайтып хан қасына келіпті, келсе хан айтыпты:

—Қосшы бала, барып тыңдадың ба? Жиренше неғылып жатыр екен, не айтады?—депті. Манағы кісі айтыпты:

—Хан тақсыр, бардым. Мен барсам, қосына кіріп ұйықтауға жатыр екен. Керілед, созылад, аяғы тізіне дейін қостың сыртында жатыр және «кең сарайым боз үйім, қайран менің өз үйім!» дейді,—депті.

Сонан хан айтыпты дейді:

—Ойбай, онда Жиреншеге бір әйел алып бермей болмас, сөйтіп жүріп бір күн жоғалар, кетер. Жиреншемізден айрылып қалармыз, барыңыз, Жиреншені шақырып келіңіз!— депті. Сонан Жиреншені біреу барып шақырып келгесін, хан айтты дейді:

—А, Жиреншем, бар өзіңе сәйкес ұнаған бір қыз тауып ал, қызды сен тап, оған мал қанша да болса мен берейін,— депті. Сонан Жиренше қасына неше бір жолдас ертіп, өзіне ұнаған қызды іздеуге кетіпті дейді. Со кетуден іздейіздей төрт жылға дейін іздеп ешбір өзіне ұнаған қызға тап бола алмапты дейді. Сөйтіп әбден дағдарып келе жатса, бір қырдың басында үш қыз отырад екен дейді, сол үш қыздың үшеуі де тезек теріп, қаптарын толтырып ауылдарына қайтып келатқанда, күн жауғасын, күн ашылсын кішкене деп қаппен тезектерін анадай жерге қойып, өздері киімдерін бүркеніп жауыннан тасаланып отырады екен дейді. Енді біреуі үстіндегі бешпетін шешіп тезектің үстіне жауып, өзі жалаңаш көйлегіменен ғана жауып қойыпатқанда жауын ішінде тұр екен дейді. Сонан Жиреншекең жолдастарыменен осы отырған қыздарға келіп, манағы жалаңаш көйлегіменен отырған қыздан сұрады дейді:

—А, шырағым, ана қыздар отындарын жамғырға қойып, өздері бешпенттеріменен бүркеніп, жамғырдан таса болып отыр, сіз бешпетіңізді шешіп, отын үстіне жауыпсыз, өзіңіз жамғырдан жалаңаш тұрсыз, мұның себебі қалай болад, айтыңыз, шырағым,—деп сұрапты дейді. Сонан қыз тұрып айтыпты дейді:

—Мұның себебі үйімде қарт әкем менен қарт шешем бар. Қазір мұнан отынды су қылып алып барсам, үйдегі әкем менен шешеме ас пісіріп ішкізе алмай, ол байғұстар түніменен аш қонады. Егер су қылмай құры қылып алып барсам, әке-шешем ас пісіріп ішіп тойып, бір жағынан жылынып рахат ұйықтайды,—депті. Сонан Жиренше бұ қыздың сөзіне ден қойып:

—Шырағым, ауылыңыз қайда?—депті. Қыз:

—Ауылымыз міне тұрған обаның астындағы ауыл,— депті. Сонан Жиреншекең жолдастарыменен қыздың көргізген ауылына келіпті дейді. Келсе, бір жаман қос екен дейді. Үйдің сыртына таман келіп Жиреншекең: «сөйлес!» деп айқайлады дейді. Айқайласа, үйден бір ақсақал шал шығып:

—А, жолаушылар, жол болсын!—депті. Жиреншеге айтыпты:

—Қош аула, қоныңыз, түсіңіз,—депті. Сонан Жиренше айтыпты:

—Жол болса, қонақпыз, рұқсат болса, қонамыз,—депті. Шал айтыпты:

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз