Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Жиренше шешен (1-бөлім)

Тарихи аңыздар · 3 мин оқу

Жиренше шешен әкесі ертерек өліп, жетім қалған бала екен. Әз Жәнібек хан бір жақтан келе жатса, бір жас бала жаяу, мал өрісі жерде жүр екен. Айнала қарап тұра қалып:

—Шырағым, елсіз жерде не қылып жүрсің?—деп еді.

—Бір жалғыз түйем бар еді, сонан айрылып қалып, соны қарап жүрмін,—дейді.

—Түйеңді тұсап қойсаң болмай ма?—деді.

—Түйемнің тұсауы өліп қалып еді,—деді. «Тұсап қой түйеңді» деп айтатұғын әкем өліп қалып еді деген сөзі екен.

—Балам, біз қай үйге қонайық?—дейді.

—Бір қой жесеңіз, қай үй де болса берер, екі қой десең, біздікіне қон!—дейді.

—Мырза бала екен ғой, осыныкіне қонайық!—деп, үйіне келіп түсе қалды дейді.

Бір буаз саулықты жетектеп келіп бала: «илаһи амин!» дегенде,

—Шырағым, бойдағы жоқ па еді?—депті.

—Мана далада айтпап па едім жоғын, бойдақ қой жеймін десең, қай үйден табылады, екі қой жеймін десең, біздікіне қон дегенім, буаз қой сойғызамын десең, онда бізге қонасыз дегенім емес пе еді?—дейді.

Баланың жауабына қайран қалып, тамаша қылысты дейді. Сол заманларда әз Жәнібек хан қырық уәзірін жиып: «Маған өтірік пен шынның арасы неменен айырылады, соны тауып беріп қалағандарыңды алыңдар, болмаса, бастарыңды аламын. Қырық күн мәуліт бердім!»—депті. Сонда һешкім керек қылмай әңгіме естимін деп Жиренше өз бетімен барған екен. Уәзірлер тарқасып кетіп, қырық күн ойлап дәнеме таба алмапты. Қырқыншы күн болғанда хан жинап алып:

—Өтірік пен шынның арасы неменен айрылатындығын таптыңдар ма?—дегенде,

—Жоқ, тақсыр! Таба алмадық,—десіпті.

Хан: «бастарыңды алдырамын!» деп қаһарланған шақта, Жиренше шешен айтыпты:

—Анау күні хан хандығымен бас-басыңа бір күннен қырқыңа қырық күн мәулет берді ғой. Енді, өздерің тіленіп ер басына қырық күннен мәулет алсаңдаршы! Соған шейін бірің болмаса, бірің табарсыңдар,—деді.

Хан:

—Жарайды, бұл баланың сөзі де дұрыс көрінеді, менің мақсатым—сендерді өлтіру емес, сынау, «ханда қырық кісінің ақылы болады» дейді. Сендер ақылды болсаң, сонда һәр қайсыңнан бір ақыл алған соң, менде қырық кісінің ақылы болатұғын себебі сонымен дағы. Сендердің бірдебіріңде ақылдан шайнам дәнеме жоқ болса, менде ақыл қайдан болсын. Табыңдар осыны, ер басына қырық күннен мәулет бердім,—деп таратып жіберді дейді. Ханның алдынан шыққан соң он екі жаста жас бала Жиренше бұл сөзді біреу болмаса, біреу білуші болар, соны іздеп табамын деп, жаяу, жалғыз елден елді кезді дейді. Қаңғып келе жатып бір қорғаны бар шаһарға келді дейді. Намаздыгерден төмен, намазшамнан жоғары дарбазасынан кіріп келе жатса, дарбазаның ішкі жағында темір қара көк ат мінгені, дулыға, сауыт, шарайна белдік кигені, ер қаруы—бес қаруды асынып, найзасын жерге шаншып біреу тұр екен. Дарбазадан кірген, шыққан бәрі сәлем берісіп өтеді екен. Жиренше сәлем бермей, мойнын бұрмай, керек қылмай өте берді дейді. Сонда найзасын жерге тіреніп, ат үстінде шіреніп ширатылып сөйледі дейді:

—Сенен басқа осы дарбазадан кірген, шыққан сәлем бермей өтпеуші еді, сәлем неге бермей, мойныңды неге бұрмай барасың?—деді.

—Біріміз атты, біріміз жаяу, сәлеміміз келісе ме?— дейді.

Бұл шаһардың жөнін бұрын көріп-білмеген жан екенсің, кел артыма мінгес. Біздікіне мейман бол!—дейді.—Ер тоқымды аттың алдын бізге, артын сендерге Құдай бұйрық қылған еді. «Ат иесі алдына мінеді» деген сөз бар еді, жүр үйіңді көрсет, жаяу-ақ барайын,—деді. Ол атты, бұл жаяу үйіне ертіп келді. Мейманханасына кіргізді. Өзі үйіне барып түсті. Мейманхана кірген кісі шыққысыз, жалғанның бейішіндей үй екен. Маржандай тізілген жаңа өспірім қыздар пар-парымен неше түрлі тамақ, қонақ жабдықларын даярлап тіке тұрып күтті. Ас жеп болған соң, қара көк аттың үстіндегі мырза келіп:

—Қонағым, әңгіме айт,—деді.

—Біріміз бүтін, біріміз жарты, әңгімеміз келісе ме?— дейді, отыра алмай ұялып шығып кетті дейді. Сөйтсе, өзі қыз екен. Сол шаһардың патшасының қызы екен. Атасынан рұқсат алған екен: «Еркек киімін киініп, дарбазаның алдында тұрып, келген-кеткенді сынаймын, сыныма келген жанға тиемін» деп. Ал, жолаушы, жобаушының бәрі мұның әйел екенін білмей, иіліп сәлем беріп өтеді екен.

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз