Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Жиренше (Бірінші әңгімесі)

Тарихи аңыздар · 1 мин оқу

Жиренше деген адам қай хан болса да, бір ханның қасында болып, ханмен бірге тұрып, бірге жүріп, ханның қадірлі биі, сөз тапқыр адамы болыпдүр дейді. Һәр уақыт хан Жиреншені қалдырмай өзіменен бірге алып жүреді екен дейді. Ханменен еріп бірге жүргенде Жиренше жарықтықтың әдеті—хан бір ауылға қонайын десе, болмаса түстенейін десе, ханның алдынан шабуылдап ханның түсетін үйіне барып: «А, хан келе жатыр, түсемін, қонақ боламын дейді. Үйіңде хан жоқ па?»—деп сұрайтын еді дейді. Сонда тұрып үй иесі: «Үйімде әйел, бала-шағамыздан басқа қонақтан ешкіміміз жоқ. Хан түссін, қонақ болсын!—десе, «жоқ, үйіңде хан бар екен. Ханның үстіне хан түсіп, екі хан бірге үйлесе алмас»,—деп әр уақыт ханды баласы бар үйге түсірмейтін еді дейді жарықтық.

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз