Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Асан қайғы және Әмет батыр (1-бөлім)

Тарихи аңыздар · 2 мин оқу

Өткен әз Жәнібек хан өзінің сыншы Айсыл есімлі қартын жұмсапты:

—Менің ұлан уақытта аттанатын жауым бар еді. Соған мінетін бір тұлпар тауып кел!—деп қолына мың сом ақша беріпті. Сонан қарт іздеп іздеп, ақырында бір құла шолақ бие әкеліп, ханға кіріп сәлем берген. Сонда хан:

—Таптың ба?—дегенде, «таптым» деген соң, сыртқа шығып қарапты да:

—Бұл тұлпар бола ма?—депті. Қарт:

—Мұның өзі тұлпар емес, мегер ішінде еркек қара төбел құлыны бар, сол—тұлпар,—дейді. Хан:

—Ай, сол тұлпар бола ма?!—деп, биенің екі көзін ойып алып, қарттың өзіне беріпті. Қарт бағып тұрып, уақыты болғанда бір еркек қара түйе құлын туып, енесінің екі жағына асып түсіп тұр екен. Қарт әлгіні жылға шейін қараңғы үйде асырапты. Қарттың жалғыз ұлы бар екен Әмет есімлі.

—Әй, балам, әз Жәнібек хан аңға шыға ма екен, білші,— депті. Баласы:

—Ертең аңға шығам деген,—депті. Қарт айтыпты:

—Шырағым, атыңа оң күйі жеткен жоқ, алдын болса да мініп шығып, жалғыз жүр. Хан қаршығасын құсқа жібергенде сен де ұмтылғайсың! Ханның құсынан бұрын жетіп алмас па екенсің,—дейді.

Сонан аңға шығып, хан дауылпазды соғып, қаршығасын тастағанда бір шеттен Әмет шауып, қаршыға шүйілерден бұрын жетіп, құстың құйрығынан ұстап алып жүре беріпті. Хан:

—Мынау кім?—дегенде айтыпты:

—Бұл—Әмет. Астындағы баяғы құла шолақ биенің ішіндегі қара төбел құлыны,—дейді. Сонан Әмет үйіне келген соң, атасы сұрағанын айтыпты осылай болды деп.

Хан бір күнлерде баяғы жауына аттаныпты. Бұ Әмет те ханға білінбей аттанып, көп әскер Боғалы байдың үйіне қоныпты. Көп кісіні Боғалы байдың баласы Боқаырза жақсы қонақ етіпті. Боғалы бай—ханның әуелдегі бұқасын баққан құлы екен. Хан қызметіне риза болып:

—Әгар да осы жаудан аман қайтсам, қарындасым Ханбикені берем,—депті. Сонан жауына барып атысып, ақырында ханның туы жығылып қашқанда екі атлы кісі ханды қуып жетіп, найзаменен шаншыр болғанда, Айсылдың ұлы Әмет қара төбел атыменен жетіп келіп, ханды алып құтылыпты. Хан:

—Қарындасым Ханбикені саған берермін,—депті.

Бір күнлерде ханның үйінің қасына көп үй тігілгенін көріп Әмет сұрайды:

—Бұ тіккен үй не нәрсе?—деп. Білген адамлар айтыпты:

—Хан қарындасы Ханбикені Боғалы байдың ұлына берейін деп жатыр,—деп. Сонан Әмет сауытын киіп, қара төбел атын мініп, ханның үйінің сыртына қаңтара тастап, үйге кіріп барыпты. Үйде әз Жәнібек хан, Асан қайғы, Алшынның ұлы Алау батыр отыр екен. Хан Асан қайғыны шақырып алып отыр екен. Һәм ханға өкпелі екен. Себебі орыс: «бір өгіз терісі сыйғандай жер бер» дегенде, беріп, өгіздің терісін жіңішкелеп тіліп не құрлы жер алғаны хақында. Әмет келіп үйге отырған соң хан Асан қайғыға аяқ беріпті. Сондағы Асан қайғының айтқаны:

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз