Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Ежен хан (ІІІ нұсқа) (1-бөлім)

Тарихи аңыздар · 2 мин оқу

Асан қайғы атанған Қасен ханды қалмақ ханы Ежен хан шақыртыпты. Қыста желмаяға жеңіл шана жегіп, қосшы бала ертіп жолға шығыпты. Асан қайғы ішікті жамылып, садақ-саржасын шанаға мол салып, астына басып отырыпты. Кездескен жолаушы жөн-жосық сұрағанда, Қасенханның айғырларының кісінеген даусын есіткен Ежен ханның байталдары іш тастайды екен. Сол себепті шақыртып жатырғанын айтыпты. Бұны есіткен Қасенхан желмаяның делбесін өзі қағып отырыпты. Еженхан аулына жақындағанда иттері абалап үріп алдынан шығыпты. Қосшы бала иттерді саржамен жайратып салыпты. Ауылдың аяулы иттерінің бәрі өліпті. Ежен ханға бір адам барып хабар беріпті. «Шанадағы екі адам итімізді қырып салды. Тез шақырып, жазасын беріңіз» депті. «Хан шақырып жатыр» деп біреу хабар беріп келіпті. Хасенхан Ежен ханға келіпті.

—Ау, бұл не? Ауылдың иттерін түгелдей қырғаның қалай?—депті. Сонда Асан қайғы:

—Осы ауылдың иттерінің үрген даусын естіп, біздің ауылдың қаншықтары күшіктемей қалды. Сол себепті саржамен жайратып келеміз,—депті. Еженхан өзінің айтқан сөзі өзін ұялтып, Қасенханды ел құрметке тартыпты. Қалмақтар қаумалап ортаға алып:

—Еліңде батыр кім?—деп сұрапты.

—Елімде батыр—Абат,—депті.

—Еліңде мырза кім?—деп сұрапты.

—Елімде мырза—Абат батыр,—депті.

—Еліңде би кім?—деп сұрапты.

—Елімдегі би де Абат батыр,—деп жауап беріпті.

—Неғыл дейт, бәрі бір Абат па? Әлде басқа-басқа Абаттар ма?—депті. Асан қайғы:

—Бәрі—бір Абат. Батыр да, мырза да, би де бір кісі,— депті.

—Апырмай, бұл қандай кісі? Барып көріп қайтар ма еді?—депті.

—Әлбетте, барып көріп қайтыңыздар,—депті.

Көктем айында Абат батырды көреміз деген қалмақтың сыншылары мен зор батырлары аттанып келеді. Абат батыр келгендерге жайдары да, жарқын мінезімен сый-құрмет көрсетеді. Абатқа қалмақтар риза болып, түр-түсінен, тұлға құрылысынан мін таба алмайды. Қалмақтар жылы шыраймен Абатпен сыйласып отырып:

—Батырлықты қайдан, кімнен, қалай үйрендіңіз?— депті. Абат:

—Батырлықты қояннан үйрендім,—деп жауап қайырыпты. Қалмақтар ішек-сілесі қатып, қарқылдап күлісіпті.

Абат қалмақтарды сайысқа шығарыпты. Арқар, бұғы, киіктерді қуып келе жатқанда алдынан қоян кездесіпті. Қалмақтар қоянды ортаға алып, қоршап тұра қалыпты. «Ал енді қоянды аттың аяқ астынан өткермеу керек, кімде-кім өткеріп алса, үлкен айып тартады»,—депті. «Қоянды найзаның ұшына іліп алып көрсету керек»,— депті. Қоян әр жаққа бір жалтарып қашып, қалмақтардың ұйқы-тұйқысын шығарыпты. Қалмақтар арланып, намысына тиген қояннан әбірейсіз қалатын болдық-ау деп күйзеліпті. Қоян Абат батырдың атының аяқ астынан көбелектей шыр айналыпты. Абат қоянның шалттығынан екі есе артық қимылдап, қоянды найза ұшына іліп алып, қалмақтарға көрсетіпті. Қалмақтар тамсанып таңырқап, Абатқа сүйсініпті. Бірақ Абаттан сақтану қажет екенін ойланыпты. Қалмақтар:

—Жарайсың, шалттығыңа болайын,—депті. Мына қимылмен бұған еш нәрсе шақ келмейтінін аңғарыпты.

Енді Абат батырдың мырзалығын сынап көрейік десіпті. Қалмақтар Абатпен күнде сайысқа шығады. Сый-құрметті емін-еркін көріп жатыр. Ақбөкен, киіктердің сүйем шыққан жал-жаясынан шұжық пісіріп жатыр. Ойын-сауық, күлкі болып жатыр. Бүгін қалмақтар бір тәуір, сұлу да батырын қалдыру керек. Себеп Абат батырдың әйелінің қасына сол жігітті жатқызып, Абат батырды сынау керек. Абат әйелін қызғана ма, әлде жоқ па? Ол үшін қазақтардан сенімді адам алып, ол адамды куә есебінде түсіндіріп, ол кісі Абат батырдың әйеліне түсіндіреді. Қалмақтар:

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз