Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қорлыбай мен Ердес (3-бөлім)

Тарихи аңыздар · 2 мин оқу

—Мынау Ақтен біздің ауылда қалады, менен лұқсатсыз көшпейсіңдер, Ақтеннің көліктері Құдай қазасынан өлсе, амал жоқ, басқа қиянат қылып жүрмеңдер. Жүгі—сендерге аман тапсыруға аманат, түбінде мен іздеймін, көліктерін Ердестің қолына аман тапсырыңдар. Мен басқа айтатын сөзімді мына Ақтенге айттым, сонан естисіңдер!—деп жүріп кетеді. Кірекештер:

—Қарағым Ақтен-ау, мынауың кім? Не пәле, саған не деді? Тез айтсаңшы,—деп бәрі үрпиіп Ақтенді қамалады. Ақтен бастан-аяқ бәрін айтады. Сонан кейін кірекештер қуанып:

—Жарайды, қастық емес достық етейін жүр екен ғой,— деп,—көлігіміз бір-екі күн тыныққанда жақсы болар,—деседі.

Ертеңі бұлар жиырма бес адам ауылға келгенде, бұларға оңаша үй тігіп, қонағасыға тай сойып күтеді. «Бұлар кім?» деп ел сұрамайды. «Батырдың бір күтем дегені қонағы ғой» деп ойлайды да қояды. Қонақтар қостарына қайтарда жиырма бес ат, жиырма бес шапан беріп қайтарады. Бұлар қосқа келіп ақылдасып: «Қой, түйе дегенді қояйық, тоқа деген елдің әруағынан ұят қой»,—деп жиырма бес үйден жиырма бес түйе шығарып, Ақтеннен айдатып жібереді. Түйелерді малға қосқызған соң батыр: «Бір жақсы үй көтеріңдер, қатындарды жина»,—деп әйеліне айтады. Әйелі: «Батыр үй көтерсін айтады» дегенді естіген соң, бір ауылдан шаңырақ келеді, әр үйден кереге, бір-бір уық және әркімдер кесек кигізін әкеп тастайды. Батырдың үйінен шыққан суыртпақ та жоқ, Ақтенді «жолдастарыңа барып жүгіңді тапсырып, шығарып салып, амандасып қайт» деп қоя береді.

Ақтен қосқа келсе, жолдастары жиырма бес атты жиырма бес түйеге айырбастап алыпты. Ертең керуенді көшіріп біраз жер жол бойына шығарып салып қоштасып, Қорлыбайдың ауылына қайтып келе жатса, айдалада алдында бір нәрсе жатыр. Келіп көрсе, аузын күмістеген бір нардың мойнағы, ішін ашып көрсе, ылғи алтын мен күміс жамбы, атқа өңгеріп алайын десе, көтере алмайды. Сонан соң ортасынан шылбырға тұзақтап салып, шылбырдың артығын аттың құйрығына байлап, қостың орнына сүйреп әкеп көміп кетеді. Ауылға келсе, аппақ үй көтеріп қойыпты. Ішіне жасау жинап та қойыпты, ыдыс-аяқ, керек сайманның бәрі түгел. Батыр сол отауда жалғыз отыр. Ақтенді қасына шақырып алып қымыз беріп:

—Үйлерің құтты болсын! Жақсы болған екен,—дейді.— Жолдастарың көшті ме?—деп сұрайды. Ақтен:

—Көшті, шығарып салып, амандасып қайттым. Келе жатып бір мойнақ тауып алдым, іші толған алтын-күміс екен,—дегенде, батыр:

—Оның қайда?—дейді. Ақтен:

—Алып жүре алмаған соң қостың орнына апарып көміп кеттім,—дейді. Батыр айқайлап далада жүргендерді шақырып алып, төрт жігітті Ақтенге қосып беріп: «Аузын ашпай алып келіңдер» деп жұмсайды. Ақтенге: «Ішінде не барын мыналарға айтпа»,—дейді. Бұлар барып мойнақты алып келсе, елдің алды жатыпты. Батыр бір қойды сойғызып, отауға етін пісіртіп, өзі ет пісірген бір жігіт пен екеуі ғана отыр екен. крауаттың бас-аяғына тағы бір әбдіре кіргізіп қойыпты. Мойнақты алдына алып аузын ашып көреді де, әбдірені ашып мойнақты өзі апарып салып, кілтін қалтасына салып алады. Етті түсіртіп, бәрі жеп болған соң жігіттер тарап кетеді. Тек Ақтен мен батыр екеуі отауда жатып ұйықтап қалады. Ертең тұрып тамақтарын ішіп болған соң, отауда отырып «Мөр, Мөр» деп дауыстапты. Қатар тіккен отаудан шақырған дауыс өз үйіне естіліп тұрады.

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз