Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қалдан шерін мен Ханабад туралы аңыз (3-бөлім)

Тарихи аңыздар · 2 мин оқу

Не керек, Ханабадтың жалғыз баласы Шыршық өзенінің шығыс түстік бетімен күн шығысқа кете береді. Барып-барып аяғы Іскендер Зұлқарнайынның атына қойылған жердің үстіңгі жағынан «Жаман жар» деген жар кешуден Шыршықтың терістік бетіне өтіп, сол бала Қазықұрт тауына қарай кетіпті. Қайда жүргені белгісіз, әлі жоқ.

Ал баяғы опасыз Ханымның тексеру, жазалау билігін қолына алған бас уәзір, қолбасы Зал жалғыз бала Құндыз яктың кеткен ізі-тозын сұрастырып білген соң, Ханым сұлуды ертіп алып, іздеуге кіріседі. Бұлар да түс мезгілі болған шамада, қой жайып жүрген шалға жолығып, «бұл қай жер? деп сұрайды.

—Құндыз як...

—Не дейсің, Құндыз як? Ол кім? Ол қайда?—деп Ханым еңіреп жылай береді. Қойшы шал бұл жерде көп жылдан бері қой жаятынын, осыдан он шақты күн бұрын дәл осында бір баланың келгенін, аты Құндыз як екенін баяндайды. Оның жол бағытын айтып берген соң, Зал мен Ханым бетті күн шығысқа аударады. Кештетіп бір төбеге жетіп, жатып демалады. Аттарын шалдырады. Екеуінің де боз балалығы ұстап, бірімен бірі жанасады. Сол күннен бастап ерлі-зайыпты адамдай болып кетеді. Бұлар да талай-талай төбеге кезігеді. Өздерінше ат қояды. Соңынан осы жерлер солар қойған атпен аталып кетеді. «Ат тұяғы жеткен жер» деп, бір төбеге «Тұяқ төбе» деп ат қояды. Кесірлі әйел болғандық—астындағы айғыры зорығып өледі. Сол төбені «Айғыр сойған» депті. Екеуі жалғыз атқа мінгесіп жүре береді де, ішіп-жейтін тамағын, қалтасындағы ақшасын тауысып алады. Сол жерді «Шонтай төбе» атайды.

Азып-тозып Шыршықтың терістік бетіне өтіп, Қазақ даласына ене бастайды. Сонда Зал тұрып:

—Мына жерге су шығарып, ел қондырса, егін салса, қандай болар еді,—деп армандайды. Ай жарымдай жүріп, баланы таба алмай, көңілдері өксіп қайтып келсе, Қалдан шерін тас-талқан болып ашуланып отыр екен. Атамекен еліне қытайлар шабуыл жасап, өздері сияқты зар жылатып жатыр екен. Орнына Залды хан көтеріп, өзі еліне асығыс жүріп кетті.

Мұнда қалған Зал мен Ханым өздері алғашқы қосылып, мейірін қандырған жері «Той төбеге» ел-жұртты жиып, отыз күн ойын, қырық күн тойын жасап, ат шаптырып, бәйге тігіп, балуан күрестіріп, би билетіп, жыр айтқызып, күй тартқызып бір-біріне қосылды. Осы тойға аттылы да, жаяу да шұбап бара берген. Кедей сорлыда не көлік болсын, көбіне жаяу барған. Содан сықақ ретінде: «Той төбе—ақымаққа не деген жол» деген мақал қалыпты. Баяғы той болған төбе «Той төбе» аталыпты. Хандық пен ханымдық қолына тиген Зал мен Ханым өз армандарын іске асыру үшін Шыршық өзенінен Келес өзеніне қарай арық қаздырып, су шығармақ болыпты. Мыңдаған адамды аяусыз істетіпті. Арық шабылып біткен соң Шыршыққа бөгеу салып, су қойса, Зал қаздырған арықтан су сарқырап ағыпты да, Ханым қазған арықтан су ақпай қойыпты. Ызасы келген Ханым: «Маған қастық істегенсіңдер,—деп, мыңдаған еңбекшілердің басын кесіп, қанын ағызыпты.

Содан Ханым қаздырған арық «Қан арық» атанып кетіпті. Отанына, ел-жұртына, адал жұбайына опасыздық істеген Ханым ақырында халық қаһарына ұшырап, жынданып өліпті.

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз