Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қасым ханның елге орнатқан тәртібі (6-бөлім)

Тарихи аңыздар · 3 мин оқу

—Сен бір жапанға біткен шынарсың, ажал келіп бір күні құларсың, айнала іздеп шабармын, орныңды қайдан іздеп табармын. Мен бір қалың қара тоғаймын, табылуға оңаймын, болмаса ұялы терекпін, әр нәрсеге керекпін,—деген екен. Сонда Жәнібек:

—Жәрайды, олай болса көрерміз,—деп, ызаланған кісідей атын борбайға ашындыра тартып жүріп кеткен екен. Келейік жылы «Жәнібек тағы да келгелі жатыр» дейді. «Қанайдың қызын тағы да сұрамақшы» дейді. «Құсын саңқылдатып, итін қаңқылдатып, малға толық байын ертіп келеді дейді» деп халық мұны ести қойды. Сонда қыздың әкесі Қанай айтқан екен: «Осы бізден Бекболат артық білсе керек еді, осының бетіне келме деп еді. Осы қызды бермесек, бір тісінің қанын бүріккелі жүр ғой. Ел арасы бірдеңеге ұшырап кетсе, халқым менен көріп жүрер ме екен, «бір қыз үшін осынша лаңға салдың» деп. Осыған берсек қайтеді, бас терісі қалса да, бір қызға татымай ма?» Өзінің кенже інісі Анай биді Тіленшіге жұмсаған екен: «сен ана Құдай қойғанға ақылдасып кел» деп. Құдай қойған дейтұғыны— сайлау жоқ, дәнеңе жоқ ақсақалдар жиналып кеп қолын көтертіп, батасын беріп жүріп кетеді екен. Тіленшіні Құдай қойған дейтіні сол екен. Сонда Анай барып Тіленшіге айтады: «Осы Жәнібіктің бас терісі қалса да бір қызға татымай ма, берсек қайтеді»,—деп ағаңыз айтады. «Егерде бермесек, бір тісінің қанын бүркіп жүрсе, халық бізден көріп жүрер». Сонда Тіленші: «Жәрайды, берсек берейік. Мен татымайды деп жүргем жоқ, әншейін бір ауыз сөзге егесіп жүрмін»,—деді. Осылай деп келісіп алғаннан соң Жәнібек келді. Келгеннен кейін оларды қарсы алып, беттерін жылытып беруге келісті. Бұл қыздың өзі Қазбектің баласы Қазымбеттің үшінші ұлы Қанайдың қызы екен. Қанайдың әйелі бірталай жасқа келгенше перзент көрмепті. Сонда күйеуі Қанай айтыпты: «Өстіп кеуіп отырамыз ба?—әйеліне,—бір қойыңды сойып, қайнағаң Жанайдан бір перзент тілеп келсейші»,—деді. Сонда әйелі бір қойды сойып алып, етін пісіріп алып қайнағасы Жанайға келіпті.

Қайнағасының алдына жамбасын салып қайқайтып бір табақ етті әкеліп қойды. Жанайекең бірнеше кісілеріменен әңгімелесіп отырып табақты әбден жайлап, ішіп-жеп болғаннан соң бәйбішесінен сөз сұрайды.

—Уа, келін неге келіпті, не шаруасы бар екен, шаруасының бетін айтсын!—депті. Сонда Жанайдың бәйбішесі сыбаға әкелген жұмысының бетін сұрапты, сонда Қанайдың әйелі:

—Мен осы уақытқа шейін сәукелеме ие таба алмай жүрмін, атамнан сәукелеме ие сұрап келдім,—деді. Сонда Жанайекең:

—Бар сұрағаны осы ма, кейін қайталамасын,—депті. Сонда келіні: «сәукелеме ие берсе болады» деп қарысып отырып алыпты. «Жәрайды, айтқанын Алла берсін, я құдай мені ұялтпа!»— деп батасын беріп қоя беріпті. Үйіне барғаннан кейін күйеуі: «атаңнан не сұрап әкелдің?» дейді. «Сәукелеме ие сұрадым» депті. Сонда күйеуі Қанай:

—Сәукелең сенің адыра қалсын, шаңырағыңа неге ие сұрамайсың,—деп,—бар, қайта бар, шаңырағыңа ие сұра!—деп қайта жіберіпті. Келіні қайта келіп:

—Мен қателесіппін, шаңырағыма ие керек екен,—дейді. Сонда Жанай екең:

—Шырағым, әнеугүні мен ескерткенмін, өкінбе дегенмін. Ол ешкімнің саудасына көнбейді, атқан оқ қайтып келмейді,— деді.

Соныменен келіні салы суға кетіп үйіне қайтыпты. Жанайекеңнің алғаш берген батасы қабыл болып, осы әйелден бір қыз туыпты. Аты Қадиша екен. Бағанағы Жәнібек бидің сұраған қызы осы екен. Бұл қызды ықтиярласып бермек болды, қыз өз ықтиярымен бармақ болды. Бұлай болғаннан кейін «керектеріңді айтып айдатып алыңдар, мен енді қайтпаймын» деп қол ұстап Жәнібек жатып алыпты. Сонда бұлар керегін айдатып алып, бір ай Жәнібек жатып алыпты. Сол Жәнібек бір ай жатқанда әңгімені ағызып, саулатып айта беріпті, өткен өмірлерді де, өз тұсындағы істегендерін де, қалған өмірдің болашағын да ағызып айтып отырыпты. Сол бір ай жатқанда Тіленші де жалықпай тыңдай беріпті. Бір ай өткен соң, күйеуқұдалардың жолы біткен соң, бұлар қайтудың қамын жеді. Сонда Тіленші жездесі Жәнібек биді алып шығып:

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз