Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қасым ханның елге орнатқан тәртібі (1-бөлім)

Тарихи аңыздар · 4 мин оқу

Қасым хан ақбоз атқа мінеді екен, айыр қалпақ киеді екен, жолдастары бәрі де бір ыңғай боздан мініп, ақ киім киіп бір бай ауылға келеді екен. Байдың аулына сауын айтып: «Бізге үй тіксін, сұлу қыз-келіншекті жинап қойсын», — деп, сонда келіп жатады екен. Бір мезгілде Қаракерей Қабанбай аулына келмекші болыпты. Сол ауылға шапқыншы жіберіп: «Үй тігіп, қыз-келіншек дайындасын», — депті. Бұл ауылда ерте күнде ұзатқан Қазбектің қызы Маңқан бар екен. Қазбектің інісі Бөдене батырдың қызы Нәуетек болады екен. Бұлардың әйел болып, орта жасқа келген шамасында бұл екеуінен туған ер жетіп қалған екі қыз болу керек. Мұның бет алып келе жатқаны осы болса керек. Сол кезде Қазбектің екінші баласы Қазымбет дейтұғынның Құлтеке деген батыр баласы болыпты. Сол Құлтеке сол ауылда апа-қарындасына амандасып жатыр екен. Сонда бұның апа-қарындастары Құлтекеге арыз қыпты:

«Бұл Қасым ханның бет алып, бетіне ұстап келе жатқаны сіздің міне біреу бір-екі жиендеріңіз ғой, атаңның аруағы бар ғой, осыдан сауға сұрап көрермісің, бұл балалар бұндай тәртіпсіздікті көрген жоқ еді». Сонда Құлтеке: «Сұрап көрейік»,—деді. Атына мініп алып, шауып Қасым ханның алдынан шықты, қылаңнан мініп, қылаңнан киіп, тоғыз кісі келе жатыр екен. Құлтеке көлденең тұра қалып: «Сауға!»—деді. Бұлар Құлтекеге жауап бермей жүре берді. Құлтеке қайтадан шыр айналып кеп алдынан тұра қалды. Тағы да: «Сауға!»—деді. Тағы жауап бермей жүріп кетті. Үшінші рет қайта шапты оралып, алдынан қарсы кеп тұра қалып: «Сауға!»—деп ақырды. Үндемей тағы жүре берген кезде: «Алдыңнан келсе, атаңның құнын кеш»,— деген, Бекболатпен араздығыңды осы арада өтеуші ме едің»,— деп, Қасымханды қақ бастан тартып жіберді. «Мен қарадан хан боп туған Қазбектің немересімін, Қазымбеттің баласымын. Сен көпсің, мен азбын, кәнеки, істейтініңді істеші!»— деп қарысып тұрып алды. Қасым ханның айыр қалпағы жерге ұшып түсті, аттан түсіп айыр қалпағын алуға жарамады, ауылға жібермейтініне көзі жеткен соң, қайтып кетті. Еліне барып Абылайға айтты:

—Өзімді басқа ұрып ауылға жуытпады, Қазымбеттің баласы Құлтеке деген батыр екен, жерге түскен қалпағымды аттан түсіп алуға арланып, тастап кеттім,—деп Абылайдың алдына сөзін қойды. Сонда Абылай:

—Қап, бәлем, тұра тұр, менің заманымда өзім түгілі атымды басқа ешкім ұрып көрген жоқ еді, сенің заманыңда кісімізді басқа ұратын болды ма?—деп кіжініпті. Ол кезде Семей қаласы, яғни басқа қалалар Ертіс бойына орнаған жоқ екен.

Бұл ел Қараөткелге қала шығады екен, сол Көкшетауды басып Қараөткелге бара жатқан қалашыны ұстап алыпты. «Бекболаттың, Қазбектің тұқымынан кімдер бар» деп сұрастырып, Бекболаттың баласы Тіленшіні алып барып суық үйге отырғызып қойып, екі күннен кейін тамақ беріпті. Тамақ берсе, Тіленші ішпепті «Мен тамақ ішпеймін, осылай жатып өлемін» деп. Әкелген тамақты қағып жіберіп, төгіп, лақтырып тастап, «әрі әкет!» деп безерленіп отырып алыпты. Сонда Абылай: «Бұл шұқшылғырдың тұқымы осылай жатып өліп қап жүрер, мұны босатайық, басқа біреу бар ма екен қараңдаршы!»—депті. Сонда Қазымбеттің баласы Жанай деген кісі бар екен, соны ұстап алыпты, Тіленшіні қоя беріпті. Жанайды бір күн ашықтырып тамақ берсе, ішіп қойыпты, сонда Абылай: «Бұл асырауға көнеді екен, тоқпақ жал торы айғырдың тұқымы ғой».

Сонымен қалашылар жүріп кетіп, қаласынан шығып елге қайтып келіпті. Елге келіп біздің Жанайды Абылай ұстап қалды дейді. Мұны естіп Бекболат зіркілдепті. «Жаз шыққан соң, ат қара тіл болған соң ас қазаныңды төртке бөлмесем, күліңді көкке ұшырмасам, менің де Бекболат атым құрысын!»—депті. Осы сөз қыстыгүні Абылайға да жетіпті. Сол жаз шыққан, ат қара тіл болған соң бес жүз қолмен Бекболат аттаныпты бірнеше батырларды, бірнеше басшыларды қосып алып. Ел басшысы Едіге би, әрі басшы, әрі батыр екен. Сырым Малайсары ол да әрі батыр, әрі шешен екен, әрі ел бастайтын көсем екен. Бес жүз қол, ту тігілгенін Абылай да естіп қойыпты. Бұлар сол Көкшетауды бетке алып жүріп кетіпті. Абылайдың жазғы қонысына жетіп барса, ауыл көшіп кетіпті. Он-он бес сиыр жұртта қалыпты, жұртта бір ас қазан қалыпты, ас қазан дейтіні—мыс қазан екен. Жұрт сынаушылар жұртты байқаса, жаңа ғана көшкен жұрт сықылды. Бағыз бір қаубөріктер: «қуып жетіп, көш жөнекей құртайық» десті, сонда Едіге би мен Малайсары батыр: «Ол дұрыс болмайды, осы араға қонайық, мынау сиырын сояйық, атты тынықтырып, азықтанып алайық. Бекболат, сен ашуыңнан қайта бер!»—дейді. «Хан хандығын істеген екен. Сенің «антыңды орындатам» деп, «күлін көкке ұшырамын, ас қазанын төртке бөлемін» дегеніңді ол да естіп алған ғой. «Күлімді көкке ұшырсын» деп жұртын тастап кетті, «ас қазанымды төртке бөлсін» деп мыс қазанын тастап кетті, «халық ашықпасын» деп сиырын тастап кетті, енді қандаспайақ бітерміз, сен ашуыңды баса бер, сіздің тұқым қан құмар болмайтұғын»,—деді Бекболатқа. Тынығып алып және жүрді, оларда бір қонып жұртына тағы сиыр тастап кеткен екен, тағы бір ас қазан тастап кетіпті, бұлар сиырды тағы сойып, тынығып алып жүргелі жатқанда, Едіге би айтты:

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз