Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қасым ханның елге орнатқан тәртібі (4-бөлім)

Тарихи аңыздар · 3 мин оқу

—Уа, менің қарағым дұрыс айтады, Бекболаттың бойында қара бурасы бар еді, шөккен жерден тұрмаушы еді, қасиеті сол еді, көрініп жүруші еді, Тіленшінің бойында ақ тайлағы бар еді. Бір тұрып, бір жата береді, бірде бұзса да, бірде түзетуге жәрайма деймін. Қасиеті сол көрініп жүруші еді,—деді. Сонда Бекболат:

—Уа, бала менен бәйбішенің сөзі бір жерден шықты ғой, со шіркін бірдеңеге жәрайма деймін және атасының қойнына бір түнеп шығып еді, болса болсын,—деді. Бекболаттың бастапқы бәйбішесінен төрт ұл туған екен, бұлардың бет-ауыздары Бекболатқа ұнамапты. Бекболат сонда: «мен тұқымсыз кеттім» деген ойда қапты, қайтерін білмей алыстан екінші әйел ала алмай, қамаққа Қазыбек үшінші билікке барғанда, бара жатып ханның аулының қасында бір өткелден өтіп бара жатқанда, бір жас қыз тұра ғап қолын көтеріп, Қазыбектен жөн сұрапты. Cонда Қазыбек: «Біз елшіміз»,—депті, сонда қыз: «Елші болсаң, дәуде болса Қазыбек шығарсың, жаным, есебің бітсе мені есіңе ала кет»,—депті. Сонда Қазыбек барып есеп жасағанда, а дегенде сол қызды алып, қасына отырғызып қойыпты. Қазыбек Қоңтажыға:

—Үшінші рет менің елімді неге шаптың,—депті. Сонда Қоңтажының айтқаны:

—Он төрт жасыңда еліме келіп есеп жасағанда, елшілік билігімде саған ғашық болып қалдым, «сенен бір тұқым алып сіңірем» деп Қазымбет деген балаңды алып келіп едім, оны сіңіртпей алып кеттің. Одан кейін амандық жоқ, Сарыарқаға еліңді орналастырып жатқан соң, қайтадан сізді келтіру үшін мал-жаныңды бүлдірмей алғаным рас. «Судың артын шым бітейді, даудын артын қыз бітейді» деуші еді, не қыз ал да, не қыз берші,—депті. Сонда Қазыбек:

—Беретұғын қызым жоқ, қыз берсең, алайын,—депті. Сонда Қоңтажы Қазыбекке:

—Ұлың нешеу?—депті.

—Ұлым бір жарым,—депті. Сонда Қоңтажы:

—Сіздің бес ұлыңыз бар емес пе?—дейді.

—Менің елге ие болатын ұлым—біреу, жауға ие болатын ұлымды жартыға есептеймін. Ол—Сырымбет. Қазымбет деген ұлым аузы дуалы болады, Базаркелді деген ұлым діңге бекем болады, Барқы деген ұлым қатын-балаға ие болады, тілге шешен болады, қайсысына бересің,—дейді. Сонда Қоңтажы:

—Елге ие болатын бүтін ұлы Бекболатқа берем дағы,— дейді. Сонсоң Бекболатқа қызын беріп, құда болып қайтыпты. Бағанағы «есебің бітсе, есіңе ала кет» деген жас қызды Бекболатқа тапсырыпты.

—Осыдан түбінде бір жақсылық шығады, осыны жақсылап тәрбиелеп өсір,—депті. Қоңтажының қызынан туған ұлдарға наразы болып өкпелеп жүргенде, өз қолындағы тәрбиелеп жүрген жас қыз ержетіп, соны алыпты. Әуелі бір қыз туып, содан кейін Тіленші туыпты. Тіленші туғанда Бекболат бір қатынды шақырып алып:

—Мынау ұлды атасына апарып таста, берсе, жөндеп берсін, бермесе, әрі әкетсін,—депті. Сонда әлгі қатын Тіленшіні Қазыбекке көтеріп алып кепті:

—Мынаны балаңыз сізге беріп жіберді, парзантқа наразы көрінеді,—депті. Сонда Қазыбек: «Бері әкел өзіме берші»,—деп баланы алып бір күн түнетіп, кеудесін иіскетіп жатқан екен. Ертеңінде Бекболатты шақырып алып:

—Наразы болмай-ақ қой, осының бірдеңеңе жарар, таза тәрбиелеп өсір!—депті. Елге ие қылуға Тіленшіге келісім жасағаны бірдеңеге жәрар деп және атасының қойнына бір күн түнеп шықты дегені осы екен деді. Сонымен батасын береміз деп отырғандар: «Олай болса Тіленші қайда, шақыр»,—депті. Сонда ауыл ақсақалдары: «Тіленші үйде жоқ, бос суға қой тоғыттырамын деп ауылға жастардан біреу қоймай ертіп алып кетті»,—депті. Сонда ақсақалдар отырып тамағын ішіп, әбден жайланып болғаннан соң: «Ол су қайда, біздің бетіміз деме, егерде жолымызда болса»,— деп жүріп кетті. Суға келсе, Тіленші барлық жігіттерді жинап алып күресіп, асыр салып жатыр екен. Бұлар келіп тұра қалып: «Осының ішінде Тіленші деген бала бар ма?»—депті. Тіленші сонда тұрып: «Менің атым Тіленші»,—деп, сонда ақсақалдар тұрып:

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз