Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Исатайдың Жәңгір ханға қарсылық себебі (4-бөлім)

Тарихи аңыздар · 2 мин оқу

Исатай, Махамбет хандарды шабуға қол жинады. Ел-елге үгіт сөздер жүргізді.

Исатай, Махамбеттің үгітімен Жем, Сағыз, Үстірт, Елек, Қобда жайлаған адай, шекті, табын, кете және алаша рулары орыс патшасына және оның Баймағамбет ханына қарсы тегіс көтерілді. Ханның дұрыс қарашы болған адамдары да Жем, Сағызға көше бастады, Баймағамбетке бағынудан бас тартты. Сол күнде ел ішінде молда болып жүрген Орынбордың тыңшысы Батырқан Шаһмарданұлы: «Темір бойына қару-жарақпен Исатайдың қолы жиналды»,—деп хабар береді.

Мұнымен қатар Орта жүздің көтерілісін бастаған сұлтан Кенесары Қасымұлынан да хабар алады. Исатаймен екеуі қосылып кетуден үлкен қауіп етіп қорықты. Сондықтан Исатайға қарсы тағы да подполковник Геккені бас етіп Орынбордан, Електен, Көбік қаладан және Оралдан зеңбірек, бес жүз атты казак-орыс отрядын шығарды және «жер біледі, жөн біледі» деп, Жолшыбай отряды мен Баймағамбет отрядын алуға бұйрық берді.

Исатай «ханды шабамын» деп, орданы екі жұма босқа қамап жатып, дұшпандарын күшейтіп алған. Бұл жолы олай етпей аңсыз жатқан Баймағамбет ханды тез шабуға Қиылдың бойымен бес жүз жігітпен аттанды. Қапылыста ауылын басып қалуға ойлады, бірақ ол ойлары да болмады. Елекке құятын судың бойында подполковиник Гекке мен Баймағамбет табысты. Отрядтың алдына көп жігіт пен күзетте жүрген Аспандияр төре Сүйінғалиұлын жаралап, екі жігітін ұстап алып, басқалары қашып құтылып Геккеге хабар береді. Отряд тұрып болғанша, Исатайдың қолы қырдан төгілді. Исатай батыр екінші рет Геккемен беттесті. Қазақ халқы соғыс өнерін білмеуі, екінші, құралының кемдігі, бұрын-соң зеңбірек даусын естімеуі, түскен жерін қопаруы қазақ халқының жеңілуіне үлкен дәлел болады. Зеңбіректі орыс әскері ең әуелі Исатай жағына атқанда, екі кісі өледі, бірнеше кісі жаралы болады, оған қарамай Исатай жігіттері қалың қолға шабады. Гекке әскерінің жартысын сайдың астымен Исатай әскерінің бір қанатына көрсетпей жібереді. Исатай қолы араласа беріп, орыс қолының көптігін көріп, кейін шегінеді. Артынан Баймағамбет хан қумақшы болып келе жатқанда, Исатай жалт қарап көріп, қарсы шабады. Төренің отряды Исатайдан қорқып, орыс отрядына қайта шабады. Оларды қызумен Исатай көп жерге қуады. Сол кезде саймен жіберген Геккенің көп отряды артынан Исатайды орап алады. Ойламаған жерден көп отряд шыққан соң, Исатайдың жігіттері бытырауға айналды. Исатай соғысып найзамен шәншіп, жолатпай келе жатқанда, біреуі тұра қалып атын атты, ат тұрып қалды. Исатай аттан түсіп жаяу да көп соғысты. Ақырында біреу найза шәншіп қансырап барып жығылды, біреу келіп уентопкемен жүрегінен атып өлтірді.

Бұл соғыста Исатай жағынан көп кісі өлді. Халық тарады. Сөйтіп, жарақты патшаның әскеріне төтеп бере алмай жеңілді.

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз