Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Исатайдың Жәңгір ханға қарсылық себебі (3-бөлім)

Тарихи аңыздар · 3 мин оқу

Исатайдың жеңілу себебі—әуелі орданы қамағанда, ордадан адамды шетке шығармау керек еді. Ол болмады, ханның хабары жер-жерге тарап әскер төгілді. Екінші, сол әскерді біріне-бірін қоспау ойына келмеді. Үшінші, әскерді реттеп, соғысу ғылымын білмеді, жаппай бір орыннан соғысты, бұрынғы соғыс ғылымын білетін орыс патшасының әскеріне әлі келмеді әм қазақ халқында құрал жоқтан болды. Исатай қолының қарулы құралды орыс әскеріне тарпа бас салып, бұрын ұмтылып соғысып қайрат көрсеткеніне подполковиник Гекке таң қалды.

Тасобадағы соғыстан соң Исатайдың қай жаққа кеткенін біле алмады. Гекке отрядын үшке бөлді. Үш жүз қазақ-орыспен Тастөбенің солтүстік жағындағы Жаман шолақ, Шағырақ, Қыли деген жерлерге полковник Мерковливті бас етіп жіберді. Ханның жүз жиырма бес жігітіне Стуменді бас қылып, екінші бөлігін Мыңтөбеге жіберді. Мыңтөбе Тасобаның Жайық бетінде. Ондағы мақсат Исатай Мерковливтің отрядынан қаша қалса, Жайықтан өткізбей жолын кесу еді. Жайықтың бойында Стуменнің отрядынан Исатай, Махамбет көз алдында құтылып кетіп, Гекке ай жарым Бөкейлікте елді шабумен болды. Исатайдың жанашыр жолдасы деп Махамбеттің ағасы Исмайылды ұстаған ораз ысық руынан Қалдыбайдың Қабыланбай, Ізмайыл деген екі баласын ұстаған, алашадан Қадырдың Ешбайын, қызылғұрттан Шұнайдың Алдиярын, Сәрсенбайдың Долбайын, Байтанаттың Ескенін, Темірбектің Мұстафасын, Сәрсенбінің Бура және Дауыл деген екі баласын ұстаған. Басқа кісі көп, бұларды кісендеп Оралға айдап жазаға тартқан. Алдына мың шыбық соғып Сібірге әм салдатқа айдаған. Ұсталғандардың малдары жеті жүз түйе, мың жарым сиыр, мың жарым қой, үш жүз жылқы ханның төрелері мен билеріне үлестірген. Исатайдың Бөкейліктегі көтерілісін басқаны үшін Гекке полковник шенін алды.

Исатай, Махамбет Жайық бойындағы күресте казак-орыстармен соғысып, отыз сегіз кісі Жайықтың арғы бетіне өтті, оны беріштің Құрақ деген бір қарты бастап өткізді дейді.

Исатай Жайықтан өтіп, Қаракөл, Қарабау, Тайсойғанға бет қойған. Бұлардың Жайықтан өткенін Баймағамбет Айшуақ баласы естіп, артына түседі. Мұны Исатай, Махамбет біліп, көшін ілгері жіберіп, өздері кейін қалады. Сол күндерде Исатайдың көшіне Баймағамбет отряды тап болып, Исатайдың әйелі Несіпәліні, балалары—Досмағамбет әм Дінбаянды барлық он екі кісісін ұстап алып кетеді.

Исатай, Махамбет басқа жолдастарымен Қарабау, Қаракөл шекті кетеді. Исатай сол жүруден Арал теңізінің бер жағындағы Борсық құм жайлайтын назар шектіге барады. Құлан баласы Жүсіп батырды табады. Шекті ол уақытта орыс өкіметіне бағынбай жүрген уақыты. Қашқан-пысқан сонда баратын. Осы көтерілісті пайдаланып, қазақ баласына хан болам деп Қасымұлы Кенесары төре Көкшетаудан көшіп келіп, әуелімен Торғай суының бойына қонады. Бұған кіші жүзден Тіленшінің Жоламаны бастаған Елек бойындағы табын руы көшіп барып қосылған.

Жем бойын Маңғыстау түбегін аралап, ол жердегі адай, шекті руларына қосылып, ол елде патша мен хандарға қарсы болғаны бұларға жағдай туғызды. Орынбордың генерал Беровский: «Исатай, Махамбет қайта Бөкейлікке өтіп кетер» деп, жар құлағы жастыққа тимей, бұрынғы күзет шенінің төрт бөлік атты қазақты, екі зеңбіректі Ақ қала мен князға тағы жіберді. Исатайды ұстауға Баймағамбет хан шектінің Құлан баласы Жүсіп старшинасына, байбақтының қазы биі Сырым баласына, көп адамдарға хат жазып, әмір таратса да, Исатайды ұстауға бірде-бірі қамданбады әм ұстамады. Баймағамбет хан Исатайды ұстап тірі алып келгенге екі мың сом, өлтіріп басын кесіп әкелгенге бес жүз сом жариялады. Оған да ешкім шықпады.

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз