Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Исатай, Жәңгірдің жер таласы жайлы біраз сөз (2-бөлім)

Тарихи аңыздар · 2 мин оқу

Қарауылқожа қорқып қайтып кетеді. Исатай Махамбеттің артынан кісі жіберіп шақыртып алады да, сол ауылды Махамбетке бақтырып кетеді.

«Хан тәртібі екі болмайды, Қарауылқожаны тағы жібереді салдат қосып. Егер келе қалса, басқылап Қарауылқожаның өзін өлтіріңіз, ақырын енді Құдайдан көреміз»,—дейді.

Қарауылқожа қашып ордаға барады, барып айта бастайды: «Исатай оңайлықпенен бізге жер берер емес, ел де қызу тұр, бұл қалай болады, хан?»—дейді. «Жәңгір хан тәртібі екі болмайды. Қалайда орында, адамың аз болса тағы да он салдаттан беремін»,—дейді.

Шара жоқ Қарауылқожа қайта кірді. Бастығы Махамбет ел адамы болып Қожаны сабап екі адамын өлтіреді. Бұл істің ақыры осыменен тынады. Ештеме ала алмайтын болғасын, Шыман төре Жаңа қала жағынан бір тәуір жерді босатып алады да, ағаш үй салып, бау-бақша, ағаш егіп, ол «Шыман қорығы» деп аталады.

Жәңгір онымен қарап жатпайды. Исатай, Махамбеттің үстінен Астрахань, Орынбор, Урельский үш губернаторға арыз береді.

«Мынау Исатай, Махамбет ел тентектерін ертіп алып, менің үкімімнің ел ішінде орындалуына үлкен кеселдік береді және елге шыққан сұлтандарымды ұрып-соғып, адамымды өлтіреді. Бұлай болғанда ел басқару қиынға соғады. Сондықтан Исатай мен Махамбетті тұтқындап, елдің қобалжуын басуларыңызды өтінемін»,—дейді.

Үш губернатордан үш кісі тіркеуші комиссиялар келіп, ханның үйіне түсіп, қонақтап, Исатай мен Махамбеттерге бұйрық жазады: «Хан ордасына келіп жауап бер, біздер хан мен қара халықтың арасындағы қайшылық ғамалдарыңды тексеруге келдік»,—дейді.

«Егер халық пенен ханның арасындағы наразылықты тексеретін болсаңыз, халықтың ортасына келіңіз, ханның үйінде ақ бауыр ет пен қызыл шай ішіп, жайланып жатқан әкімге барып жауап бермеймін!»—деп Исатай жауап қайырады. Ақтығында бармай қалады.

Комиссиялар халық арасына барайын десе, Жәңгір жібермейді. Өтірік «сендерді өлтіреді» дейді. Ондағы саясаты комиссия халық арасына барса, Жәңгірдің беделі түседі, өйткені ханды жамандап халықтың шулап қоя беретіні оған анық.

Исатайды екі рет арнаулы кісі жіберіп те шақыртады, комиссиялар Махамбетке өзі барады, екіншісінде Ақбай дегенді жібереді. Комиссиялар халық ортасына барса, ханның беделінің түсетіні анық екенін сезеді.

Комиссиялар ордада жатып жайлап сұрап ханның да қиянатын біліп алады да, губернаторға хат жазады. «Қалай етеміз, халық ортасына барсақ, ханның беделі түсейін деп тұр, шақырсақ, Исатай мен Махамбет келмейді»,—дейді.

Губернаторлар: «Олай болса, хан беделін түсіртпеңдер, ажыраңдар!»—деп бұйрық алып, ажырасып кетеді. Жинаған істерін хан ордасына тастап кетеді. Соңынан Жәңгір менен Шыманның әм ұйғарысқан билердің мақсаты орындалмайды.

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз