Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Исатайдың Жәңгір ханға қарсылық себебі (2-бөлім)

Тарихи аңыздар · 2 мин оқу

Ел ішіндегі халықты теспей сорған ірі саудагерлерді шауып, дүниясын алып, үйлерін өртеп жіберді. Өздері ордаға барып тығылды. Көтеріліс бірден-бірге ұлғайды. Орынбордан Бероске губернатордың бұйрығымен жүз елу казак-орыспен полковиник Бокатловты жіберді. Оның артынан подполковник Геккені жіберді «қалай болса да Исатайды ұстап, қолын таратуға» деп.

Гекке Жайық бойындағы қалалардан бес жүздей казак-орыс салдаттарын жинап әм үш зеңбірек алып, үш орынға бөліп жасырын қойды. Жайықтың арғы бетіндегі Баймағамбет хан Айшуақ баласына бұйрық берді, Жайық бойынан Исатайды өткізбес үшін. Өзі отыз кісімен ордаға барды.

Қаланың қысылып тұрған уақыты еді. Исатай сол уақытта он бес күндей орданы босқа қамап жатты. Арадағы билердің, төрелердің «ханнан мақсұтыңды алып береміз» деген сөзіне нанып, «осы қамаумен де ханды қорқытып, мақсұтымызды аламыз» деп жатады. Махамбет неше рет Исатайға: «Ой баурым! салып ханды шабалық»—десе де, Исатай қасарып тыңдамайды.

Ордаға келген Гекке де Исатайды шақырады, оған бармайды. Сөйтіп тұрғанда, Астарханнан үш жүз казак-орыс, бір зеңбірек келеді. Подполковиник Гекке Ақ қаладағы үш жүз казак-орысқа Теректі құмындағы Исатайдың ауылын шабуға бұйырады. Олар Ақ қаладан шығып, жылдам жүріп, білінбей келіп Исатайдың ауылын шабады. Мал-жанын, қатын-баласын қолға алады. Ордада жатқан Исатайға хабар болып, қалың түнде көтеріліп келіп, ауылын шапқан Мерковливтің әскерін қамап алып, мал-мүлкін, кісілерін қайырып алған. Орыс әскері соғысуға қорыққан. Сол хабарды Гекке естіп бес жүздей әскермен Исатай ауылына Мерковливтің отрядына қосылуға жүрді. Бұлардың көбі ханның жігіттері еді. Оған Орманов Шыман төрені бас етіп жіберді әм Ақ қаладан шыққан отрядқа келіп қосылып, барлық әскерге Гекке бас болды. Оралдан шыққан екі зеңбірек пен көп отряд та келіп жетті. Бәрі жиналып Теректі құмдағы Исатайдың аулына қарап жүрді. Бұлардың жолындағы Жаманқұм Бекетайдағы қалың пішенді Исатай жігіттері өртеді. Қарттар айтады: «Ол Исатайдың халықты шақырған ұраны еді» деп.

Геккенің әскері түнімен жүріп, таң ата Бекетай құмының басында Ағаш үйдің тұсында Тасоба деген жерге келіп түсе қалғанда, Исатай жігіттері де көрінеді.

Исатай әскері мен Геккенің отряд әскері қарсы келіп жеткен жерде орыс зеңбірек атты, бұған қарамай Исатай жігіттері соғысқа араласты. Исатай жігіттері оқты қардай боратып айқайлап шауып араласқанда, Геккенің әскері бір қанаты жапырылып қашады. Сонда Гекке зеңбіректі алға шығарып, шашыранды оқты картешті жаудырған. Бұл Исатай қолының ойламаған жерден шыққан уақиғасы болып, Исатай қолына бәрәкатсіздік туғызды. Қол шыдамай бытырай бастады. Маңдайы тойтарылды, жеңілді, қаша бастады, жеті шақырым жерге шейін қуды.

Бұл соғыста Исатай қолынан он кісі, Исатайдың үлкен бәйбішесі және Жақия деген жиырма жасындағы үлкен баласы өлді. Сол соғысқан орында азық артқан түйе, ет, құрт-май көп қалды, орыс қолы алды. Бұл жеңілу Бөкейлік жеріндегі көтерілістің бетін қайырды. Жұрт бет-бетіне бытырап кетті. Тек Исатай қасында үш жүздей кісі қалды.

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз