Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қабанбай мен Райымбек

Тарихи аңыздар · 2 мин оқу

Қабанбай батыр жас кезінде Ұлы жүздің атойшыл батырлары Ханкелді, Аралбай, Мергенбай, Жауатар, Ырыскелді сияқты ірі тұлғалармен талай рет үзеңгілес болып, жоңғарларға қарсы қанды шайқастар жүргізгенін албан жұрты тамаша аңыз етіп айтады. Сол аңыздардың бірінде былай делінеді: Ханкелді батыр баласы Райымбекті Қабанбайдың алдына әкеліп:

—Батыр, мен қартайдым, мына Райымбекке батаңды бер, қолыңа қабылдап, қатарыңа ал!—деген екен. Қабанбай батыр Райымбектің бойынан ерліктің үлкен белгілерін тауып, көзін жеткізген соң:

—Қарсы келген жауыңа бет қаратпас боран бол, қайқая шапқан еліңе қайрат берер ұран бол!—деп бата беріп, өз қасына алып баулыған екен. Сонымен, кейінгі талай рет жорықтарда Райымбек батыр ерен ерлік көрсетіп, өзінің ұран боларлықтай қажыр-қайратын байқата білген. Сол қатарда Қабанбай бастаған қалың қолдың қырғыздың Әтеке жырығынан кек алу шайқасына, сондай-ақ жоңғар шапқыншыларын қазақ сахарасынан қуып, Іледегі «Қой асуын» асыра аластау жорығына Райымбек батыр өз қолымен Қабанбай батырға үлкен көмек көрсеткен. Осы соңғы реткі «Қой асуы шайқасы» кезінде Қабанбай батыр мен Райымбек батыр ортасында мынадай кеңес болыпты:

—Е, Райымбек,—депті Қабанбай батыр,—ерлігің ел аузындағы аңызға айналып барады, даңқ-атағың Ханкелдіден асып, есімің елге ұран болды. Енді алдағы күндері мәңгілік орның қайда болар деп межелейсің?

Рас, айтса айтқандай болыпты. Райымбек батыр дүние саларда:

Сол реткі кеңесте Райымбек батыр нағашы жұртым деп есептейтін Қабанбай батырдан:

—Батыр, өзіңіз қайда боламын деп межелейсіз?—деп сұрапты.

—Біздің қазақ тау құмар халық қой,—депті ол Райымбекке ойлы көзбен тігіле қарап отырып,—арманын да, арланын да тауға балап, қуаты мен суатын таудан алады ғой біздің есіл еліміз. Балаларына «таудай бол, таудай талап берсін!» деп бата береді. Ал қысылғанда: «Ей, жер Ана! Тәу-Тәу! Ей, Тау Ата, Тәу-тәу!» деп тауға сыйынып, сол бір қайыспас қара таудан медет күтеді. Бәлкім, «тәу-тәу» дейтін тәуапшылығымыз да сол тауға сыйынудан келген болар. Өз басым талай рет қатерге жолыққанда осы тауға келіп пана таптым. Тарбағатайдағы «Баспан асуы», Іледегі «Қой асуы»—мені жеңіске жеткізген асулар. Демек, мені жеңіске жеткізген де осы—тау. Егер осындай алып таудың бірінде жатсам, арманым болмас еді.

Иә, қарт батырды қадір тұтқан халық бұл күндері өзінің батыр атасын тауда жатыр деп қарайды. Жетісу елі: «Қабанбай батыр Сарытаудың жотасында, Белжайлау деген жерде жатыр» деп аңыз етсе, Көкшетау елі: «Қабанбай батыр өзінің үзеңгілес досы Бөгенбай батырмен бірге Ерейментау жотасында жатыр» деседі. Бұған «Ақмоладағы Қабанбай тауында жатыр» дегенді қосып айтады. Ал Іленің елі: «Қабанбай батыр Іледегі Қызылнұр, Қаранұр өзенінің бойында қуық ауруынан қаза тауып, өзі шайқас жүргізген биік шоқыға қойылған, сонан бастап, сол шоқы «Қабанбай шоқысы атанған» деп әңгімелейді.

Тарбағатайда «Түйебасы» деген жер бар. Бұл Қабанбайдың Ақбас атанының басы қойылған жер, жалама жартас, бұл жақтың елі батыр бабасының жорықтағы жолдасы есептелген қасиетті атанның басын қадір тұтады.

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз