Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қазақтың тыйым сөздері

Қазақтың тыйым сөздері — әдеп, үлкенді құрметтеу, тазалық пен ысырапсыздыққа үйрететін халық тәрбиесінің мұрасы. Түсіндірмесімен. Барлығы: 745. 8-бет, барлығы 8 бет.

  1. Мақтаншақ болма.
  2. Мезгілсіз жатпа.
  3. Мезгілсіз ұйықтама.
  4. Мезгілсіз жүрме.
  5. Нанды жерге тастама.
  6. Нас, лас болма.
  7. Намысыңды таптама.
  8. Наданмен дос болма.
  9. Уһілеме.
  10. Үйге сыртыңмен кірме.
  11. Үлкеннен бұрын отырма.
  12. Үлкеннен бұрын жатпа.
  13. Үлкеннен бұрын тамаққа қол салма.
  14. Үлкенді мазалама.
  15. Үлкенге қатты сөйлеме.
  16. Үйге жылап кірме.
  17. Үйді айналып жүрме.
  18. Ұрысқаққа тіл қатпа.
  19. Ұрлық қылма, ұсақ болма.
  20. Ұрыншақ болма.
  21. Ысырапқор болма.
  22. Ыдысты аттама, теппе.
  23. Ішімдікке бой ұрма.
  24. Халқыңды жамандама.
  25. Халыққа қарсы сөйлеме.
  26. Рухыңды түсірме.
  27. Нан үстіне зат қойма.
  28. Сүтті төкпе.
  29. Шелектегі суға аузыңды салма.
  30. Шашыңды аяқ астына тастама.
  31. Жағыңды таянба.
  32. Жалғыз ағашты жұлма.
  33. Малды теппе.
  34. Үлкеннің алдын кеспе.
  35. Жаман бұзақы сөзге ерме.
  36. Анаға зекіме, азабын тартасың.
  37. Оттан аттама.
  38. Қонақ кете салысымен үйді қағып-сілкуге болмайды.
  39. Ыдыста беті ашық қалған тағамды жеуге болмайды.
  40. Тұзды шашпа.
  41. Тозбаған киімді тастауға болмайды.
  42. Дәрет суын аяқ асты төкпе.
  43. Тақымыңды көрсетпе.
  44. Талтайып отырма.
  45. Кіндігіңді ашпа.

Ауыз әдебиеті