Жалғыз ағашты жұлма.
Қазақтың тыйым сөздері
- Рухыңды түсірме.
- Нан үстіне зат қойма.
- Сүтті төкпе.
- Шелектегі суға аузыңды салма.
- Шашыңды аяқ астына тастама.
- Жағыңды таянба.
- Малды теппе.
- Үлкеннің алдын кеспе.
- Жаман бұзақы сөзге ерме.
- Анаға зекіме, азабын тартасың.
- Оттан аттама.
- Қонақ кете салысымен үйді қағып-сілкуге болмайды.