Оттан аттама.
Қазақтың тыйым сөздері
- Жағыңды таянба.
- Жалғыз ағашты жұлма.
- Малды теппе.
- Үлкеннің алдын кеспе.
- Жаман бұзақы сөзге ерме.
- Анаға зекіме, азабын тартасың.
- Қонақ кете салысымен үйді қағып-сілкуге болмайды.
- Ыдыста беті ашық қалған тағамды жеуге болмайды.
- Тұзды шашпа.
- Тозбаған киімді тастауға болмайды.
- Дәрет суын аяқ асты төкпе.
- Тақымыңды көрсетпе.