Үлкеннің алдын кеспе.
Қазақтың тыйым сөздері
- Сүтті төкпе.
- Шелектегі суға аузыңды салма.
- Шашыңды аяқ астына тастама.
- Жағыңды таянба.
- Жалғыз ағашты жұлма.
- Малды теппе.
- Жаман бұзақы сөзге ерме.
- Анаға зекіме, азабын тартасың.
- Оттан аттама.
- Қонақ кете салысымен үйді қағып-сілкуге болмайды.
- Ыдыста беті ашық қалған тағамды жеуге болмайды.
- Тұзды шашпа.